• Мәдениет & Спорт
  • 02 Қыркүйек, 2021

ЖАСЫБАЙ КӨЛДЕРІ

Жасыбай көлдері – Қазақстанның ең әсем, суы тұнық, табиғаты тамаша көлдерінің бірі. Көлдер Күнгей Алатауының 3000-3500 метр биігінде, Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында, Алматыдан шамамен 300 шақырым жерде, Кеген ауданында орналасқан. 
Ғаламтор желісінде бұл көлді орыс тілді ақпараттарда «Долина сто озер» немесе «Озера ущелья Кенсу» деп атайды екен. Бірақ бағзы заманнан қазақтар қойған атауы Жасыбай, яғни Жасыбай көлдері деп аталады. 
Жасыбай көлдерінің жоғары жағындағы мұздықтардан және осы маңнан ағатын бұлақтардан Үш Меркі атанып кеткен үш өзеннің бірі, яғни Кеңсу (кей деректерде Меркі) өзені бастау алады. Сол Кеңсу өзенінің батысында Орта Меркі, одан кейін Шет Меркі өзендері ағып жатыр. Үш өзен де Шарын өзеніне құяды.

Суретті түсірген Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ

782 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы