• Бизнес & Қоғам
  • 02 Қыркүйек, 2021

Әлемдік үлгідегі базар бой көтереді

Түркістан қаласында әлемдегі әйгілі базарлардың үлгісімен салынып жатқан ең ірі жабық сау­да орталығы жақында ашылады. 

Облыс орта­лығында бой көтерген жаңа нысандарды аралап, құры­лыс­шылармен кездескен аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеев сауда орталығының құрылысын уақыт оздырмай аяқтауды тапсырды.
Жабық базардың жанында орналасқан дәстүр­лі ауыл шаруашылығы нарығы­ның және заманауи жайлы сауда орталығының артық­шы­лықтарын біріктіретін жаңа форматтағы фермерлер базары да жақын күндері пайдалануға беріледі. Мыңға жуық заманауи сауда сөрелері бар экобазарда ет-сүт, балық, көкөніс, жеміс-жидек түрлері көтерме бағамен сатылады.
Жергілікті және өзге өңір­лердің диқандары мен тауар өндірушілері мұнда өз өңімдерін сата алады. Бүгінде Атырау, Қостанай өңірлерінің тауар өнді­рушілері Түркістан қаласында өз өнімдерін сауда­лауға ниетті. Жаңа нысанда азық-түлікті сақтауға қажетті тоңазытқыштар, қойма мен тауар түсіретін орындар болады.
Облыс әкім сондай-ақ Түр­кістан қаласында салынып жат­қан банк ғимараты мен жаңа қо­нақүй құрылысының, әкімшілік-іскерлік орталықта бой көтерген жаңа нысандардың айналасын абаттандыру мен көгалдандыру жұ­мыстарының барысымен танысты. Жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Айжан ЖАСБАТЫРҚЫЗЫ

1163 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы