• Білім & Ғылым
  • 02 Қыркүйек, 2021

Жаңа мектеп пайдалануға берілді

101 мыңнан астам бала мектепке дейінгі біліммен қамтылды

 

Алматы облысына қарасты Панфилов ауданының Аққұдық ауылында білім ордасы ашылды. 120 орынға арналған жаңа ғимарат құрылысын «Нұр-Шапағат Құрылыс» ЖШС жүргізді.

Екі жылға кепілдікпен салынған білім ошағы барлық материалдық-техникалық жабдықпен қамтылған. Жалпы ауданы 2736,84 шаршы метрді құрайтын ғимаратта 126 оқушыға 28 ұстаз сабақ береді.

Аудан әкімі Талғат Өмірәлиев өңірдегі білім саласының дамуына тоқталды. «Жыл сайын ауданды кезек-кезегімен 2-3 мектептен жаңартып отырмыз. Биылғы жылы ғана 2 жаңа мектеп салынуда. Кейбір білім ғимараттарында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген, – деп атап өтті аудан басшысы.

Өзінің әсерімен мектеп оқушы­лары да бөлісті. Содардың қатарында Заңғар Айтқожа да бар. «Мектептің ескі ғимаратында спорт залы да болмаған. Жаз айларында сыртта жаттығып жүрдік. Енді жаңа мектепте барлығы бар. Спортты серік еткен мен үшін бұл үлкен мүмкіндік. Өйткені бұл менің болашақта чемпион болуыма септігін тигізеді», – деді ол.

Айта кетерлігі, Панфилов ауданында шет елді мекендердегі мектептер де жаңалануда. Қазіргі уақытта екі нысанда жөндеу жұмыстары басталып кетті. Мәселен, Басқұншы ауылындағы 300 орынды және Қорғас ауылындағы орта мектептерге күрделі жөндеу жұмыстары іске асуда. Сондай-ақ, облыс бюджетінен Кіші шағын ауылындағы мектептің жөндеу жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамасына қаражат бөлініп, конкурс жарияланды. Келесі жылы екі мектеп күрделі жөндеуден өтеді деп жоспарланған. Аудан мектептерінде 27100 оқушы білім алады.

Еске салсақ, Алматы облысында биыл 33 мектеп салынуда. Биыл оның 9-ы және 1 қосымша ғимарат қолданысқа беріледі. Оның ішінде Қарасай, Іле, Ескелді және Панфилов ауданында 6 жаңа мектептің кілті табысталды. Бұдан бөлек, 3 жеке мектеп қолданысқа беріледі деп күтілуде.

Ал, Жамбыл ауданында жаңа балабақша ашылды. Аудандағы бөбекжай көрсеткіші 99,7 пайызға өсті. Жалпы Алматы облысы бойынша 1325 балабақша қызмет іс­тейді және олар 101,7 мың баланы қабылдайды.

Жамбыл ауданы Мыңбаев ауылында ашылған «Айжұлдыз» бала­бақшасына жергілікті бюджеттен 262 млн. теңге бөлінген. Екі қабаттан тұратын 100 орындық ғимаратта балалар үшін барлық жағдай жасалған. Бөбекжайдың ашылуына аудан әкімі Нұрлан Ертас қатысып, өз лебізін білдірді.

Ал жалпы Жамбыл ауданындағы балабақша саны 116 болса, оның 85-і жеке меншік, 18-і мемлекеттік, 13-і мектепке дейінгі шағын орталықтар.

Айта кету керек, Алматы облысында 3-6 жас аралығында бала­бақшаға баратындардың нәтижесі 95,4 пайызды құрап отыр. Жыл соңына дейін 99 пайызға дейін жет­кізу жоспарланған.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, мектепке дейінгі мекемелер штаттық режимде әр топта 20-25 баламен жұмыс істейді. Оның үстіне мектепке дейінгі білім беру жүйесін жаңартып, жаңа бағыт бойынша, заманауи бағытта жұмыс істеу жоспарланған.

Салтанат ҚАЖЫКЕН

 

4365 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы