• Өндіріс өрісі
  • 02 Қыркүйек, 2021

Зауыт жаңа өнім түрін игерді

Нарықтық жағдайда тұрақты даму жолдарын белсенді іздеу үстіндегі Петропавл ауыр машина жасау зауыты Cool Infinity корпорациясымен ынтымақтастық орнатқан болатын. Нәтижесінде азық-түлік өнімдерін тасымалдауға арналған изометриялық вагондарды шығару бойынша жоғары сұранысқа ие жоба іске қосылды.

Серіктестік үшін Петропавл ауыр машина жасау зауытының таңдалуы тегін емес. Даңқты кә­сіпорында жоғары білікті дәне­керлеуші-мамандар, слесарь-жинаушылар жетерлік. Оған қоса, конструкторлық-технологиялық бөлімнің де әлеуеті айтарлықтай зор. Мұның бәрі қысқа мерзімде вагондарды құрастыруға, жинау тізбектерін жолға қоюға, сәйкестік сертификатын алуға ықпал етті. Осылайша, изотермиялық вагон-термостар жасала бастады. Жоба жүзеге асқаннан бері 100-ден аса вагон-термос жасалған. Ал жыл бойғы жоспар – 150 вагон. Зауытта қазір 210 адам еңбек етіп жатса, алдағы уақытта 30 жұмыс орнын құру жоспарланып отыр. Вагондарды құрастыру бойынша барлық негізгі процестерді жергілікті зауыт қызметкерлері жасайды. Жұмыстың 70 пайызы зауыт қабырғасында атқарылады. Енді Cool Infinity автономды рефрижераторлық вагондар шығаруға кірісті. Қазірде екі сынама үлгілер жасалып, зерттелген, келесі кезекте ЕАЭО үлгісінің сертификатын иеленуге ниетті. «Ресейде теңіз өнімдерінің тасымалы әлі шешілген жоқ. Орталық Азиядан да жеміс-жидек жеткізу біржақты етілмеді. Карантин кезінде шекаралар жабылып, автокөлік тасымалы тоқтады. Сол кезде барлығы тек теміржолға үміт артқаны есте. Нарықтағы осындай жағдайларды ескере отырып, рефрижератор вагондарды жинауды қолға алдық», – дейді «Cool Infinity» ЖШС директорының орынбасары Ахан Кәрімов.

Бұл Қазақстандағы баламасыз зауыттың бұйымы ТМД елдерінде жоғары сұранысқа ие. Мұндай тасымал құралының көмегімен көкөніс, жеміс-жидек, балық пен теңіз өнімдері сынды тез бұзылатын азық-түлікті мың­даған шақырым жерге балғын күйінде 20 күн ішінде жеткізуге болады. Алыс сапарларға арналған дөңгелекті тоңазытқыштың температурасын әлемнің кез келген елінен басқаруға мүмкіндік бар. Бұл ретте смартфонның көмегімен басқарылатын климат-бақылаумен автоматты құрылғы орнатылған. Сондай-ақ қосымша көмегімен тауардың қай жерде келе жатқанын көруге болады.

Арнайы вагондарды сатып алуға ерекше қызығушылық танытып отырған компаниялардың бірі – «Маслодел». Танымал сүт зауыты 4,8 млрд теңгеге күрделі жаңғырту жүргiзiп, өндiрiсiн кеңейткен. Жуырда сүт өнiмдерiн шығаратын жаңа желiлер iске қосылды. Кәсiп­орынның қуаттылығы жылына 87 мыңнан 119 мың тоннаға дейiн өстi. Онда сүт өнiмдерiнiң 15 жаңа түрi шығарылады. Швецияның заманауи «Tetra Pak» қондырғысы орнатылды. Сонымен қатар 85 жаңа жұмыс орны ашылды.

Сүт өндiрiсi – солтүстік өңірдің ауыл тұрғын­дарын жыл бойына жұмыспен қамтамасыз ететін табысты кәсiп көзi. Тәжірибелі өңірде сүттi қайта өңдеу саласы қарқынды дамып келедi. Өткен жылы облыс 600 мың тоннаға жуық сүт өндiрдi. Бес жылда сүттi өңдеу үлесi 34%-тен 53%-ке, немесе 180 мыңнан 319 мың тоннаға дейiн өстi. Сүт зауыттарын шикiзатпен үздіксіз қамтамасыз ету нақты жолға қойылған. Қазiрдiң өзiнде 12 сүт фермасы ашылды. Тағы 16 сүт кешенi салынуда, олардың 10-ы жыл соңына дейiн iске қосылады. Бұл ретте сүт өнімдерін сақтап, тасымалдау үшін осындай арнайы тоңазытқыш вагондарға деген сұраныстың да арта беретіні сөзсіз.

БОТАГӨЗ ӘБДІРЕЙҚЫЗЫ

881 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы