• Бизнес & Қоғам
  • 22 Қараша, 2012

Атаулы жүлдеге ие болды

Алматыда өткен «Қазақстанның медиа нарығы: оңтайлы басқару және дамытатын тұстары» атты медиа құрылтайда Қазақстанның Журналистика академиясының «Алтын жұлдыз» және «Алтын самұрық» сыйлығының лауреаттары марапатталды.

«Әлихан Бөкейхановтың журналистік мұрасының беймәлім беттерін ашып,  рухани мұрасының 7 томдық шығармалар жинағын шығарғаны үшін  Чехиядан Сұлтан Аққұлұлы «Алтын жұлдыз» сыйлығымен марапатталады. Бұл сыйлық Қазақстанның бүкіл  демократиялық баспасөзінің қарлығашы «Қазақ» газетінің 100 жылдығы қарсаңында беріліп отыр. Ал екінші «Алтын жұлдыз» сыйлығы «Эдельвейс» баспа үйінің негізін қалап, ұйымдастырған  Виктор Заботкинге беріледі» деді Қазақстанның Журналистика академиясының президенті Сағымбай Қозыбаев.  Сондай-ақ, академия президентінің атаулы жүлдесі «Алтын самұрық» сыйлығына «Отандық журналистикадағы өлшеусіз үлесі үшін»  «Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты «Мысль» журналының бас редакторы Сейдахмет Құттықадам ие болды. Бұған дейін «Алтын самұрық» сыйлығын Марат Барманқұлов, Иосиф Будневич, Қуаныш Сұлтанов, Ғаділбек Шалахметов, Алтынбек Сәрсенбаев, Әнуар Әлімжанов, Хасен Оралтай, Арманжан Байтасов, Дүкеш Бәйімбетов, т.б. иеленген болатын.

Әріптесімізді жүлдесімен құттықтап, шығармашылық табыстар тілейміз!

 Бағдагүл БАЛАУБАЕВА

460 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы