• Жолдауға қолдау
  • 09 Қыркүйек, 2021

Әлеуметтік міндеттемелер артып келеді

Мемлекет басшысының Жолдауы бүгінгі күннің өзекті мәселелерін көтеруімен ерекшеленді. 

«Пандемия көп нәрсе­ні өзгертті, қайта реттеді. Билік те өзіне, өз қабілет­тері мен мүмкіндіктеріне сенімді бола түсті. Өткен жылға қарап, сараласақ, мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерінің аясы кеңейді. Өткен жылы елі­мізде мұғалімдердің, дәрі­гер­лердің жалақысы көте­рілсе, биыл мұндай шара азаматтық қызметкерлер – архив, музей, кітапхана және басқа да санаттағылар үшін де қарастырылды», – дейді Президент Жолдауына қатысты пікір білдірген Парламент Мәжілісінің депутаты Айдос Сарым. 
Оның айтуынша, пандемия әлі де жалғасып жатыр және оның қашан аяқталары белгісіз. Дегенмен, билік тек болған оқиғаларға жауап қатып, орта мерзімді стратегиялық мәселелерді қоюдан бөлек, жаңа күн тәр­тібін қалыптастыруға тырысуда және оны әлеуметтік желілер немесе қоғам бас­қаша қабылдайды деген қор­қынышсыз жасап жатыр. «Жеке өзіме ұнағаны – қазір ешқандай мегажоба жоқ. Барлығы адамға, қоғамға, елдегі өзекті мәселелер­ді шешуге бағытталған. Жолдау сындарлы түрде біздің азаматтардың өте үлкен санаттары айналасында құрылған. Мұнда стратегиялық мәселелер өте жақсы түсіндірілген», – дейді спикер. 
Депутат атап өткендей, мемлекет білікті кадрлар даярлай алатын білім мен ғылым саласын құруға ұм­тылуы керек. Сондықтан билік қазір проблемалар туралы айтып қана қоймайды, өзінің күн тәртібін беруге, дұрыс контекст пен дискурс қалыптастыруға тырысады. 
Былтыр елімізде 420 мың­нан астам бала дүниеге келді. Жақында ғана 19 миллионыншы шек еңсерілді. Осы ретте сарапшы: «Қазір мемлекет барлығын алдын-ала ойластырып жатыр. Үкімет бағдарламасында 800 мектеп құрылысы туралы жазылған еді. Ал енді мемлекет 20 жыл­дық перспективаның міндет­теріне жүйелірек әрекет етуге тырысуда», – деп тоқталып өтті.

488 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы