• Бизнес & Қоғам
  • 18 Қыркүйек, 2021

Құқықтық және медициналық көмек қолжетімді бола түспек

Осы күзде еліміздің ауылдары мен шалғай елді мекендеріндегі тұрғылықты халыққа денсаулық сақтау, құқықтық және психологиялық қолдау көрсетуге бағытталған «Демеу» әлеуметтік жобасы жүзеге асырылады. Жоба шеңберінде барлық өңірдегі ауыл-аймақтардың тұрғындары терапевт, психолог және заңгерлерден тегін консультациялар алуларына мүмкіндіктері бар.

Бұл орайда, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және Азаматтық бастама­лар­ды қолдау орталығының же­текшілігімен еліміздің ауылдарына заңгер, терапевт және психолог мамандары тегін консультация жүргізуге ҮЕҰ мен бастамашыл топтарға арналған 60 шағын грантқа конкурс жарияланды.

«Демеу» жобасының үйлес­тірушісі Арсен Базылов атап өткендей, соңғы жылдардағы демографиялық көрсеткіштер бүгінгі таңда қоғам үшін ең өзекті мәселелердің бірі. Аталған жаңа жоба – ауыл тұрғындарының назарынан тыс қалмай, нақты мәселелерге көңіл бөлумен қатар, олардың құқық­тық сауат­тылығын арттыруға мүм­кіндік бермек. «Статисти­ка­лық көр­сеткіштер бойынша, 2020 жылдың басында Қазақстан халқының саны 18 миллионнан астам адамды құрады. Оның ішінде 58,16% – қала тұрғындары, 41,84% – ауыл тұрғындары. Егер 2017-2019 жылдар ара­лығындағы мәліметке сүйен­сек, ауыл халқы арасында бала туу көрсеткіші қала хал­қымен салыстырғанда 4,4%-ға төмен болса, ал сәби өлімі көрсеткіші 3,8%-ға жоғары. Сонымен қатар бүгінде ауылдарда барлық дәрігердің 17%-ы ғана жұмыс істейтінін атап өткен жөн. Әкімдіктердің ақ­парына сәйкес, өткен жыл­дың соңына қарай ауылдарда клиникалық мамандықтар кадрларын­а қа­жеттілік 900 бірлікті құраған. Біз «Демеу» жобасының ар­қасында еліміздің 17 өңірін аралап, ауылдық аймақта тұра­тын жандарға құ­қықтық және медициналық көмекке қол­же­тімділік дең­гейін арттыр­ғы­мыз келе­ді», – деді үйлес­тіруші.

АЙЖАН ЖАСБАТЫРҚЫЗЫ

 

754 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы