• Өндіріс өрісі
  • 18 Қыркүйек, 2021

Asia Trafo: Нарықтағы нық позиция

Орталық Азиядағы трансформаторлық жабдық өндіретін ең ірі зауыт Шымкент қаласында орналасқан. Өндірісінде прогрессивті және экологиялық таза технологиялар үйлесім тапқан кәсіпорын өнімдеріне ішкі нарықта ғана емес, сонымен бірге көршілес елдерде де сұраныс мол.

Ірі трансформаторлар шы­ғаратын бірегей кәсіпорынды Индустрияландыру күнінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев іске қосқан болатын. Asia Trafo зауытының негізгі өнімі – күштік май трансформаторлары, қуаты 500 МВА дейінгі 110, 220, 500 кВ кернеу санатындағы автотрансформаторлар және реакторлар. Зауыттың жобалық қуаты жылына 12 000 МВА-дан асады. Өндіріс жоспарлы қуаттылыққа жеткеннен кейін мемлекетке жылына 2 млрд теңгеге жуық салық түсіп отырады, делінуде. Қазірде Asia Trafo зауыт бұйымдары Шымкент, Павлодар, Өскемен, Қарағанды, Атырау және Нұр-Сұлтан қалаларында орнатылған. Кәсіпорын жаб­дықтарын KEGOC, Қазақстан темір жолы, Самұрық-Энерго, ERG, Kazminerals және басқа да ұлттық компаниялар тұтынады. Сондай-ақ өнім Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Грузия, Ресейге экспортталады. Кәсіпорын Alageum Electric электртехникалық құрылғысын өндіруші қазақстандық жетекші компанияның құрамына кіреді. Ал Alageum Electric бас компаниясы жылдан жылға ТМД нарығына өнімнің 40%-ын немесе 110 кВ дейінгі 15000 дана трансформаторлық жабдықты тұрақты түрде жеткізіп отыр.

Зауыт аймақ елдерін сұранысқа ие әлемдік деңгейдегі өнімдермен қамтамасыз етуге қабілетті ғылыми сыйымдылығы жоғары технологиялық өндіріс құрған. Өндіріске енгізілген үдемелі және экологиялық таза жабдықтар дүниежүзілік алдыңғы қатарлы өндірушілермен қолданылып жүр. Конструкторлық құжаттаманы әзірлеуден бастап шығарылатын бұйымдарды тиеп жөнелтуге және сервистік қызмет көрсетуге дейін машина жасаудың әлемдік көшбасшыларының жұмыс тәжірибесі мен заманауи бағдар­ламалық қамтамасыз ету базасында өндірісті басқарудың жаңа жүйесі орнатылған. Электрондық құжат айналымы және көзбен шолу соңғы тұтынушының барлық пайдалану кезеңі ішінде оның жай-күйіне дейін өтінімді қабылдаудан бастап, әрбір трансформаторды өндіру циклын қадағалауға мүмкіндік береді.

Трансформаторларды жобалау кезінде әлемге әйгілі Бүкілодақтық трансформатор жасау институты негізінде құрылған Soft-Team Group украиндық әзірлеушілер тобының заманауи бағдарламалық жасақтамасы қолданылады. Бұл бағдарламалық жасақтама дүниежүзі трансформатор жасау саласы жетекші мамандарының әзірлемелеріне негізделген, онда жобалау мен пайдаланудың 100 жылдық әлемдік тәжірибесінің аспектілері ескерілген. Математикалық модельдеу бағдарламалары электромагниттік, механикалық, жылу және динамикалық есептеулердің толық пакетін қамтиды. Әрбір тапсырыс пен өтінім жеке қарастырылады. Үш өлшемді модельдеу жүйелерінің көмегімен оңтайлы дизайн есептеледі, тапсырыс берушімен келісілгеннен кейін және талаптар қанағаттандырылғаннан кейін деректер өндірісті басқару жүйесіне автоматты түрде беріледі.

Ыңғайлы және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға ерекше мән беретін кәсіпорында бизнес-процестерге қызмет көрсетудің жаңа жүйесі әзірленген. Қызметкерлер үшін жайлы әлеуметтік-тұрмыс­тық жағдайлар: заманауи асхана, спорт залы, конференц-зал, шағын отбасылық пәтерлік жатақхана мен саябақ, демалыс аймақтары қарастырылған.

БОТАГӨЗ ӘБДІРЕЙҚЫЗЫ

 

366 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы