• Мәдениет & Спорт
  • 23 Қыркүйек, 2021

БАЯНЖҮРЕК ПЕТРОГЛИФТЕРІ

Баянжүрек тауы –  Жетісу Алатауы сілемінің үлкен бір жотасы. Тау баурайындағы жартастарда түрлі петроглифтер бейнеленген. «Баянжүрек петроглифтері» деген атпен белгілі тасқа түскен бұл суреттер қола дәуіріне жататын археологиялық мәдениет ескерткіші болып табылады. Көне тарихтан жеткен деректерге сүйенсек, сонау есте жоқ ескі замандарда бұл жерде сақ, ғұн, қимақ тайпалары өмір сүріпті. Қола дәуірінен бері жеткен ескерткіштерді ғалымдарымыз біздің заманымызға дейінгі төртінші мыңжылдықтың аяғы мен біздің заманымызға дейінгі бірінші мыңжылдықтың басына жатады деп бөлген екен. Баянжүрек жартастарындағы петроглиф жазулар сол сақ, ғұн, сармат тайпаларының өмір сүру мәдениеті, атқа міну, ат үйрету және тұрмыс-тіршілігі бейнеленген суреттерімен ерекшеленеді.

Жартастағы суреттердің басым бөлігінде салт атты сарбаздар бейнеленген. Ежелгі түркі дәуірін сипаттайтын бұл ескерткіштер ЮНЕСКО-ның мәдениет картасына енген.

Суретті түсірген Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ

1816 рет

көрсетілді

2

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы