• Мәдениет & Спорт
  • 23 Қыркүйек, 2021

Жас суретшілер тартуы

Мемлекеттік орталық музейде Алматы қаласы күні және Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған «Алматы менің жүрегімде» атты балалар шығармашылығының көрмесі өз жұмысын бастады.

Аталмыш мұражай жыл сайын республикамыздың мәдени астанасы болып табылатын Алматы қаласының тарихы мен қазіргі дамуының түрлі аспектілерін көрсететін балалар суретінің көрмелерін өткізіп келеді. Балалар шығармашылығының көр­месі жас жеткіншектерге өз тарихын, қаламыздың бүгіні мен болашағы туралы ойла­рын, қоршаған әлемге деген көз­қарастарын, суреттер арқылы өздерінің эмоциялары мен көңіл-күйлерін жеткізуге мүмкіндік береді.

Көрмеге Алматы қаласы­ның бейнелеу студияларының, көр­кемөнер мектептерінің, білім беру және дамыту орта­лық­тарының әр түрлі жастағы талантты жас суретшілері қатысуда. Олардың ішінде «АртУм» балаларды дамыту орталығы, «Рембрандт» арт-студиясы, «Умка» балалар білім беру орталығы, «Genus» балалар орталығы, Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА мектеп-интернаты, «Солнышко Арт-студиясы», «Творим вместе» «Ты художник» шеберханасы, «ArtMixstudio» шығармашы­лық студиясы, №68 мектеп-гимназия­сы, «Подснежник» көркем білім беру студиясы, «Тұран» мектеп-лицейінің «Шабыт» студиясы және «Бөбек» ҰО «Самопознание» гимназиялары бар.

Түрлі техникалар мен жанр­ларда балалар қаламыз­дың көрікті жерлерін, мәдениеті мен тарихи ескерткіштерін, саябақтарды, скверлерді, жыл­дың төрт мезгіліндегі таби­ғат сұлулығын, түрлі-түсті натюр­морттарды, қаланың, еліміздің рәміздерін және тағы басқаларды бейнелеген. Көрме экспозициясында балалар қо­лымен көркемделген әр түрлі және бірегей жұмыстары келу­шілердің назарын аудартып, ерекше қызығушылығын туды­ратыны сөзсіз.

Нұрлан ҚҰМАР

213 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы