- Цифрлы Қазақстан
- 23 Қыркүйек, 2021
Тәжірибе алмасу – кәсіби қажеттілік

Жақында Алматыға мемлекеттік қызмет көрсетудің қазақстандық моделін зерттеп, тәжірибе алмасу мақсатында Қырғызстан делегациясы келді.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы төрағасының орынбасары Біржан Жүнісов қырғызстандық әріптестеріне фронт-офистерде құжаттарды қабылдаудан бастап әлеуметтік төлемдерді тағайындауға дейінгі үдерістерді көрсетті. Сондай-ақ қонақтарға электрондық, проактивтік, композиттік және мемлекеттік қызмет көрсетудің жаңа форматтарын таныстырды. Бұл орайда, Қазақстан ТМД-да бірінші болып мемлекеттік қызметтерді проактивті тәсілмен көрсетуді енгізгенін атап өту қажет.
Кездесу барысында делегация мүшелері мемлекеттік корпорацияның фронт/бэк-офистерінің және зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органның құрылымдық бөлімшелер қызметімен, egov.kz электрондық үкімет порталының жұмысымен, TelegramBot мессенджері және eGov-mobile мобильді қосымшасы арқылы мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға мүмкіндік беретін сервистермен танысты. Сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсетуді ұйымдастыру кезінде ерекше қажеттілігі бар жандарға үлкен көңіл бөлінетіндігін атап өтті. ХҚО-лар пандустар, шақыру батырмалар, Брайль мәтіні бар тақтайшалар, нашар көретіндерге арналған тактильді жолдар және аталған топтағы азаматтарға ыңғайлы болуы үшін «жеңілдік терезелері» де қарастырылғандығын көрсетті. Сонымен қатар I және II топтағы мүгедектердің мемлекеттік қызметтерді ХҚО-ға бармай-ақ, 1414 байланыс орталығына өтінім бере отырып, мамандарды үйге шақырту мүмкіндіктері қарастырылған.
АЙЖАН ЖАСБАТЫРҚЫЗЫ

10321 рет
көрсетілді3
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *
ngcvlttjnd
28 Қазан, 2021-- <a href="http://www.gl0730srqk57z81i99ee102o9xli7a0gs.org/">angcvlttjnd</a> [url=http://www.gl0730srqk57z81i99ee102o9xli7a0gs.org/]ungcvlttjnd[/url] ngcvlttjnd http://www.gl0730srqk57z81i99ee102o9xli7a0gs.org/
nxkxvewry
20 Қараша, 2021-- nxkxvewry http://www.g54e7de5873ey80j95gaz0rd05mrf87ss.org/ <a href="http://www.g54e7de5873ey80j95gaz0rd05mrf87ss.org/">anxkxvewry</a> [url=http://www.g54e7de5873ey80j95gaz0rd05mrf87ss.org/]unxkxvewry[/url]
lmstxotqsr
30 Қараша, 2021-- [url=http://www.g81zbt3p0e4me06kwq87g242zbd296g0s.org/]ulmstxotqsr[/url] lmstxotqsr http://www.g81zbt3p0e4me06kwq87g242zbd296g0s.org/ <a href="http://www.g81zbt3p0e4me06kwq87g242zbd296g0s.org/">almstxotqsr</a>