• Бизнес & Қоғам
  • 23 Қыркүйек, 2021

Екпе алу – ең тиімді шешім

Алматы облысына қарасты Қарасай ауданының Абай ауылындағы «Антиген» ҰКП ЖШС алаңында «QazVac» вакцинасының 1 миллион дозасын құю жоспарланып отыр.

Вакцинаны құю дайын­дықтары биылғы жылдың көктем мезгілінен бас­тау алған. Бүгінде итальян өн­дірісінің аппараты бір минут ішінде 60 құтыға вакцина құя алады. Әр құтыда 3 дозадан. Маусым айынан бері 300 мың дозасы құйылды. Бұл жұмыс барысын және құрал-жабдықтарды тексеруге арналған валидациялық серия. Сонымен қатар өндірістік шығарылым барлық талаптарға және асептикалық өндірістің санитарлық нормаларына сәйкес келеді. Барлық құрал-жабдықтар Еуропа, Америка және Қытайдан әкелінді. Осылайша сапаның халықаралық стандарттары кәсіпорынға жоғары техникалық дәрежеге жетуге серпін беріп отыр.

«Антиген» ЖШС-на «Жетісу» ӘКК арқылы 420 млн. теңге қаржыға лизинг негізінде 13 бірліктегі заманауи техникалық құрылғылар сатып алынды. Аталған жобаның жүзеге асуы ҚР Үкіметінің тікелей бақылауында. Алаңға Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бірнеше мәрте іс сапармен келіп, дайындық барысын өзі қадағалап отыр, – дейді облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов.

Қазіргі таңда 300 мың доза құйылған вакцина биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми зерттеу институтында талдаудан өтуде. Көп ұзамай аяқталуы тиіс, тек толық тексерістен өткеннен кейін қолданысқа енгізілетінің атап өтті «Антиген» ҰКП ЖШС директоры Нұрлан Ахметсадықов.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, отандық сапалы «QazVac» вакцинасы дайындалды. Өнеркәсіптік өндірісті ұйымдастыру мақсатында Премьер-министр Асқар Маминнің қадағалауымен өткен жылы жазғытұрым биологиялық қа­уіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтының базасында биофармацевтикалық зауыттың құрылысы бастал­ған болатын. «Антиген» ҰКП ЖШС биофармацевтикалық зауытты қосқанда биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтының база­сындағы екінші өндірістік алаң болды.

Ал Түркістан облысына Sinopharm вакцинасының 105 мың дозадағы екінші компоненті мен 22 мың дозада бірінші компоненті жеткізілді. Аталған екпені барлық емханалар мен екпе салдыру пункт­терінен қабалдауға болады. Жалпы өңірге COVID-19 індетіне қарсы вакцинаның 858 637 дозасы жеткізілген. Енді облыс тұрғындары ресейлік «Спутник V», отандық QazVac, Sinopharm компаниясының HayatVax екпесі, Қытайдың жасап шығарған CoronaVac және Sinopharm компаниясының Vero Cell вакцинасын қабылдай алады. Бүгінде І-компонентті 832 504, ал ІІ-компонентті – 645 073 адам салдырған.

Соңғы тәулікте коронавирус инфекциясының 52 жағ­дайы тіркелді. Тәуліктік өсім 0,38 % құрайды. Індет басталғалы коронавирустың 13 705 жағ­дайы анықталды. Айта кетейік, облыстағы мекемелерде 8 оттегі станциясы, 400 ӨЖЖ аппараты, мыңнан аса оттегі аппараты бар. Сондай-ақ 2 айға жететін дәрі-дәрмек қоры жасақталған, 40-тан астам дәрілік қойма мен 800-ге тарта дәріхана бар.

Нұрлан ҚҰМАР

 

1219 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы