• Бизнес & Қоғам
  • 23 Қыркүйек, 2021

Желінің жетегіндегі жеткіншектер

Әлеуметтік желі күнделікті өмірімізге әбден еніп кетті. Қазіргі заманда баладан бастап, еңкейген кәріге дейін кез келген жастағы адам әлеуметтік желінің құлына айналды десек артық айтқандық емес.

Дер кезінде белгілі ақпараттардан хабардар болу, бірнеше жыл көрмеген танысыңмен байланысқа шығу жағынан әлеуметтік желінің тигізер пайдасы көп. Алайда әйнектің қос жағы болады дегендей, аталмыш нәрсенің зияны да шаш етектен екен­дігін атап өткеніміз жөн. Соның ішінде балалар мен жасөспірім­дерге тигізер теріс әсері жетерлік. Біріншіден, телефонға үңіліп әлеу­меттік желіде үздіксіз  бас алмайтын жастардың арасында жүйке жүйесі нашарлап, омыртқа сүйегі қисайып және көру қабілетінің төмендегені анықталған. Бүгінде көзілдірік таққан бүлдіршіндердің саны көбеймесе, азаймай отырғаны бұған айқын дәлел. Сонымен ғаламторға ұзақ уақыт бойы телміргендер ең алдымен өзінің денсаулығын құртады. Екіншіден, интернеттегі мәліметтердің көптігі­нен оларды оқуға, тамашалауға және тыңдауға уақыт айтарлықтай кететіндігі белгілі. Үшіншіден, ғаламтор желісі кибершабуылға ұласуы да ғажап емес. Небір хакерлер адамның құпия ақпараты мен бүкіл бизнес-процестің жұмысын бұзып кетуі әбден мүмкін. Төртіншіден, әлеуметтік желі балалардың физи­калық та, психологиялық жағынан да зияны бар екенін ғалымдар әлде­қашан дәлелдеп берген. Әсіресе, енді қалыптасып, өсуге бет алған баланың мінез-құлқына зиян тигізері сөзсіз. Мәселен, «ВКонтакте» деген желіде кейбір хэштегтер жеткіншектердің ой-санасына кері әсерін тигізуде. Бұндай теріс ақпаратқа сенген жет­кіншектер өмірден түңіліп, өз-өзіне қол жұмсаған. Елімізде жарты жыл ішінде кәмілетке толмаған 105 бала суицид жасаған. 193 өз-өзіне қол жұмсау әрекеті тіркелген. Бұл балалар құқығының тиісті деңгейде қорғалмауы мен кибербуллингтің әсері екені сөзсіз. Адамды интернетте, әлеуметтік желі мен түрлі мессенджерлерде қорқытып, зорлық көрсетуді кибербуллинг деп атаймыз. Бұл келеңсіз жағдайға кез келген адам тап болуы ықтимал. Бірақ бұл тәсілмен шабуыл жасайтындар негізінен кәмелет жасына толмаған мектеп оқушыларын нысанаға алады. Өйткені, қорғансыз балалар қорыққанынан өзіне қысым жасалып жатқаны туралы ешкімге айтпайды. Тіпті ата-анасы мен жақында­рына тіс жармай, шабуылшының айтқанынан шықпайды. Кибербуллинг жасайтындардың арасында педофилдер көп кездеседі. Олар балаларды алдап-арбап, желіге түскен видео не суреттерін салуға көндіреді. Осыдан бір жыл бұрын президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған Жолдауында ин­тернеттегі ғайбаттаулардан азаматтар, әсіресе балалар зардап шегетінін және кибербуллингтен қорғау жөнін­дегі заңнамалық шараларды қолға алу қажеттігін айтқан болатын. Бұл тапсырма Мемлекет басшысы­ның Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпы­ұлттық жоспарға енді. 

Бүгінде аталған тапсырманы орындау аясында Үкімет түзетулер пакетін әзірледі, ол Парламент Мәжілісінің депутаттары бастамашылық еткен «Балалардың құқықтарын қорғау мәселелері» жөніндегі заң жобасына енгізілді. Ұсынылған түзетулер Бұқаралық ақпарат құралдары туралы, Бала құқық­тары туралы, Білім туралы, Байланыс туралы, Ақпараттандыру туралы заңдарда қарастырылған.

Салтанат ҚАЖЫКЕН

 

1498 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы