• Бизнес & Қоғам
  • 01 Қазан, 2021

Ауру – жас таңдамайды

Әлемде коронавирустың жаңа штамдарының таралу қарқыны үдей түсті. Осыған байланыс­ты бұл кеселге қарсы күрес күрделеніп келеді.

Дүниежүзінде короновирус жұқтыру жағынан АҚШ, Үндістан, Бразилия, Ұлы­бри­тания, Ресей, Түркия, Франция, Иран, Аргентина, Колум­бия мемлекеттері алғашқы он­дыққа еніп отыр. Қазақстанда 900 мыңға жуық адам қауіпті ауруға шалдыққаны анықталған. Қазір еліміздегі жағдай тұрақтағанымен қызыл жолақта тұрған аймақтар баршылық. Мамандар пандемия кезінде балаларда коронавирус инфекциясы көп жағдайда жеңіл немесе асимптоматикалық түрде өтеді деп топшылаған еді. Алайда КВИ-дің жаңа штамдары ересектерге ғана емес балаларға да зиянын тигізіп жатқандықтан, вирустың жаңа түрлерінің пайда болуымен ауру асқына түсті. Әлемде COVID-19 вирусының ауыр түріне шалдыққан балалар жиі тіркеле бастады. Бұл жаңа, анағұрлым агрессивті және жұқпалы коронавирус штамдарының таралуымен байланысты.

«Ковидті тудыратын SARS-CoV-2 вирусы баланың денесіне ауа тамшылары немесе байланыс құралдары арқылы енеді. Балаларда COVID-19-дың алғашқы белгілері ересектердегідей, инфекция жұққан соң орта есеппен бір аптадан кейін пайда болады. Иммунитеті әлсіз балаларда инкубациялық кезең 2-3 күнге дейін қысқарады. Бастапқы ке­зеңде ауру қарапайым суық тигенге ұқсайды, тамақ ауырып, мұрын бітеледі және дене температурасы жоғарылайды», – деп атап өтті педиатр, инфекционист, медицина ғылымдарының докторы, С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ балалар инфекциясы кафедрасының профессоры Ләззат Ералиева.

КВИ-дің аса ауыр ағымы бір жасқа дейінгі балаларда және созылмалы патологиялары мен қосымша аурулары бар 15 жастан асқан жасөспірім­дерде байқалады. Балаларды вирус­тан қорғаудың жалғыз әдісі – ересектердің жедел вакциналануы қажет және инфекцияға шалдыққандармен тығыз қарым-қатынас жасамауы тиіс.

Айжан ЖАСБАТЫРҚЫЗЫ

 

1582 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы