- Бизнес & Қоғам
- 01 Қазан, 2021
Медициналық сауаттылықты арттыру – уақыт талабы

Алматыда «Oasis Group Distribution» компаниясы мен «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының қолдауымен «Qoldau» ұзақ мерзімді күтім жөніндегі кеңес беру орталығы ашылды.
Орталық – өмірлік қиындыққа тап болған жандарға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға, ауыр науқасқа шалдыққандарға және қарттарға күнделікті күтім жасайтын адамдарға қолдау көрсету мақсатында құрылған. Себебі, отбасында емі жоқ сырқатқа шалдыққан жанға көмек қолын созу үшін не қажеттігін және өзін қалай ұстау керектігін көптеген адамдар шатасып білмей жатады. Аталған жайттарға байланысты олқылыққа жол бермеуде арнайы кеңес беру және оқыту орталықтары ТМД мен Еуропа елдерінде алға қойылған. «Біздің орталық ауыр науқастарға күтім жасау мәселелерін шешу жағы қарастырылып, мұқтаж жандардың түгеліне көмек қолын созады. Мүмкіндігі шектеулі жандарға, олардың туыстары мен қамқоршыларына арналған дұрыс күтім жасау дағдылары бойынша семинарлар мен дәрістер ұйымдастырылады», – деп атап өтті «Qaldau» ұзақ мерзімді күтім жөніндегі кеңес беру орталығының жетекшісі Лаура Әбжанова.
Сонымен қатар Орталық науқастарға сапалы күтім жасауды ұйымдастырумен қатар оңалту құралдарын дұрыс таңдауды, әлеуметтік қолдау шаралары туралы және т. б. мәселелер бойынша кеңестер беруді, әлеуметтік қызметтер порталында оңалтудың техникалық құралдарына тапсырысты рәсімдеу үшін қажетті ЭЦҚ жөнінде қызмет көрсетеді.
Салтанат ҚАЖЫКЕН

1559 рет
көрсетілді0
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *