• Бизнес & Қоғам
  • 22 Қараша, 2012

Ынтымақтастық аясында Тиімді байланыстар құрудың негізі

Қытай Халық Республикасы Хубей провинциясының әкімшілік орталығы – Ухань қаласында ҚХР Қаржы министрі Шиу Шиуренб мырзаның және Азия Даму Банкінің Президенті Харухико Курода мырзаның төрағалығымен Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығының 11-ші Министрлік конференциясы шеңберінде іс-шаралар болып өтті.

            Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы Н.А. Коржова ханым басқарды.

            Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы – бұл он елдің: Әзірбайжан, Ауғанстан, Қазақстан, Қытай Халық Республикасы, Қырғызстан, Маңғолия, Пәкістан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстанның және алты халықаралық қаржы институтының: Халықаралық валюталық қор, Азия даму банкі, Дүниежүзілік банк, Еуропа даму банкі, Ислам даму банкі, БҰҰ дамыту бағдарламасы экономиканың көлік, энергетика, сондай-ақ сауда-саттыққа ықпалдасу саласындағы әріптестігі.

            ОАӨЭЫ конференциясында бағдарламаға қатысушы елдер көліктік транзит магистралдарын салу бойынша өңірлік жобаларды және өңірді дамыту үшін тиімді байланыстарды құруға бағытталған энергетиканы дамыту және сауда-саттықты жеңілдету жөніндегі жаңа бастамаларды іске асыру жөніндегі Уханьдық іс-қимыл жоспарын бекітті.

            Басым секторлардағы, атап айтқанда, көлік, энергетика, сауда-саттық саясатына қатысты жобалар мен бағдарламаларға 2001 жылдан бастап шамамен 20 млрд. АҚШ доллары көлемінде қаржы салынған. Конференцияда барлық көлік дәліздері аяқталуға жақын екені, қалған учаскелерді 2017 жылға аяқтау белгіленгені алдын ала құлағдар етілді. Елдердің су-энергетикалық секторындағы жағдайын жақсарту және өңірлерде су ресурстарын басқару үшін талдауды дамыту қажеттілігі туралы пікірлер тоғысты. Шекаралық және кедендік қызметтердің жұмысын жақсартпай көліктік транзит дәліздерін дамыту мүмкін емес. Осыған байланысты конференцияда ОАӨЭЫ бағдарламасы шеңберінде Маңғолия мен Қытай арасындағы ынтымақтастықтың тиімді тәжірибесі атап өтілді. Ол Қазақстан мен Қытай шекарасында пайдаланылуы мүмкін. Бұдан басқа, фито-санитарлық шаралар бойынша шекарадағы жағдайды жақсарту және ОАӨЭЫ елдерінің жүк тасымалдаушылар қауымдастықтары арасындағы ынтымақтастығы бойынша жұмыстарды алға жылжыту ОАӨЭЫ кіші секторлық бастамасының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

            Сонымен қатар, министрлер өңірде алдағы уақытта талдау жұмыстарымен, стратегиялық жобаларды қолдау мәселелерімен айналысатын ОАӨЭЫ институты базасын құратын боп келісті.

            Конференция қорытындысында өзара достық, әріптестік қатынастар орнатып, перспективалық бағытта жұмыс істеу мақсатында қабылданған ОАӨЭЫ 2020 стратегиясының өзіндік рөлі атап өтілді. Келесі конференция алдағы жылдың күзінде Астанада өтпек.

 ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі

480 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы