• Азық-түлік белдеуі
  • 01 Қазан, 2021

Азық-түлік өндірістік кешенінде – ауқымды жаңғырту

Қарағандыда Қазақстан мен Орта Азиядағы тамақ өнеркәсібіне арналған май өнімін жетекші өндірушілердің бірі болып табылатын «Eurasian Foods» АҚ кәсіпорнында жабдықты жаңартудың кезекті кезеңі аяқталады. Тек соңғы бес жылдың ішінде Eurasian Foods Corporation холдингінің құрамына кіретін кәсіпорын өз өндірісін жаңартуға 4,7 млрд теңгеден астам инвестиция салған. Кезекті кезең аяқталғаннан кейін «Eurasian Foods» АҚ өндірістік қуатын жылына 70 мың тоннадан астам дайын өнім шығаруға дейін жеткізу көзделіп отыр.

Аталған сала ең заманауи және жоғары өнімді кәсіпорындардың бірі ретінде, сапасы жағынан әлемдік нарықта бәсекелес болуға мүмкіндік беретін жетек­ші өндірушілерді қосымша жаңа жабдықтармен қам­тамасыз етілген. Маргарин дайындау бойынша неміс өндірісінің технологиялық желісі пайдала­нуға беріліп отыр. Осы желіні іске қосудың арқасында өндірілетін өнім­нің функционалдық сипаттамасы жақсарып, өнімділігі сағатына 11,7 тоннаға дейін жетіп- артылады. Қатпарлы қамырға арналған маргариндерді өлшеп ораудың жаңа желісі іске қосылды. Бұл өндіріс­тің максималдық қызметі 2 есеге ұғайып, сағатына 4,8 тоннаға дейін өнім өндіруге мүмкіндік беру қарас­тырылған. Өнімдерді өлшеп-орау мен буып-түю жұмыстары персоналдың қатысуынсыз автоматты желіде жүргізіледі. Еуропалық өндірістің технологиялық жабдықтары то­лық­тай автоматтандырылған СИП жуғыш­тары микробиологиялық та­залықты қамтамасыз етуге көмек­теседі. Жылдың соңына дейін жаңа технологиялық қойманы, сондай-ақ барлық өндірістік үй-жайларда тәулік бойы микроклиматты сақтап тұратын ауа реттеу жүйесін пайдалануға беру жоспарлануда. «Eurasian Foods» АҚ дайындаған өнімдері отандық нан-тоқаш және кондитерлік өндірістің 70%-дан астамы пайдаланады.

Компания өз өнімін әлемнің 11 еліне – Ресей, Қырғызстан, Қытай, Өзбекстан, Әзірбайжан, Армения, Грузия, Тәжікстан, Түркіменстан, Ауғанстан, Монғолияға экспорттайды. Биылғы жылдың бірінші жарты жылдығында «3 желания», «Шедевр» және «Золотой стандарт» брендтерін экспорттау 25%-ға артқан. Кәсіпорын өндірісінің сапалық құрамы жағына әр кезеңде тұрақты бақылау жүргізіліп отырады. Өндіріске келген шикі­зат пен дайын өнімнің физикалық-химиялық және микробиология­лық параметрлерін тексеруді жүзеге асыруда арнайы сетификаты бар аттестациялаудан өткен зертхана жұмыс істейді. Онда шығарылатын өнім­нің май-қышқыл құрамын егжей-тег­жей­лі анықтауға мүм­кіндік беретін құрылғылардың бірі газ хроматографтарымен жаб­дықталған. 2010 жылы өнімнің тұ­тынушылық қасиетін жақ­сарту мен жаңа түрлерін дайындауда инновациялық-технологиялық зертханасы құрылды. Сонымен қатар кәсіпорын мамандары ассортимент желісін кеңейтіп, жаңа өнім түрлерін шығарумен айналысады. Барлық өнім Кедендік одақтың техникалық регламентіне сәйкес сетификатталған және «Халал» талаптарына сай. Кәсіпорын В2В секторын­дағы серіктестерімен қызметтік тығыз қарым-қатынас орнатылған. Технологтар нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерді өндірушілерге өз кеңестерін беріп, нақты өндірістік процесс үшін қандай өнім қолайлы екендігі туралы ұсыныстарымен бөліседі, сондай-ақ клиенттердің жеке өтініштері бойынша рецептуралар әзірлеп, көшпелі мастер-класстар өткізеді. «Eurasian Foods» АҚ Қарағанды облысының ең ірі салық төлеушілердің үштігіне енген. Өткен жылы кәсіпорын мемлекет бюджетіне салық түрінде 2,89 млрд. теңге аударған. «Зауытты жаңғырту­дың кезекті кезеңін аяқтау өндіріс көлемі мен салық түсімде­рін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Үстіміздегі жылы зауытымыздың құрылғанына 50 жыл толуына байланысты мерейтойға ең заманауи құралдармен жабдықтал­ған, өз саласында өндірістік стандарт­ты белгілейтін және қызметкерлер­ден әлеуметтік жауапкершілікті талап ететін еліміздегі тамақ өнеркәсібі ішінде жетекші кәсіпорындары­ның бірі деген мәртебеде қарсы алатынымыз қуантады, өйткені тұтынушылар кез келген ком­панияның басты активі», – деп атап өтті «Eurasian Foods» АҚ Басқарма Төрағасы Олег Винокуров.

Бүгінде «Eurasian Foods» АҚ қыз­меттік штатында 650 адам жұмыс істейді. Пан­демия кезін­де кәсіпорын туындаған қиын­дық­қа қарамастан жұмысын жал­ғастырып, ұжымды толығымен сақтап қала алды. Өңірдегі ірі жұмыс берушілердің бірі тек өз қызметкерлері мен олардың отбасыларына ғана емес, Қарағанды облысының тұрғындарына да қатысты әлеуметтік жауапкершілік саясатын жүзеге асырады. Бірнеше жылдар бойы мүмкіндігі шектеулі балаларға, еңбекке қабілетсіз жандарға, «Балалар – өмір үшін» қоғамдық бірлестігіне, «Үміт» ерікті мүгедектер қоғамына, М.Әуезов атындағы Орталықтандырылған қалалық кітапханаға және Об­лыстық туберкулезге қарсы балалар санаторийіне демеушілік көмегін көрсетуден аянған емес. Қарағандыдағы «Eurasian Foods» АҚ «Eurasian Foods Corporation»АҚ (Алматы) және «Eurasian Milk» ЖШС (Петропавл) қатар Eurasian Foods Corporation холдингінің құрамына кіреді. Холдинг Қазақстан мен Орта Азия елдеріндегі 3000-нан аса адамды жұмыс орнымен қамтамасыз етіп отырған ірі тамақ өнеркәсібі. Холдинг қоржынын­да 250-ден астам сапалы және сертификатталған – майонездер, кетчуптар, тұздықтар, дәмқосарлар, сары және өсімдік майлары, маргариндер, спредтер, дәмдеуіштер, «3 желания», «Шедевр», «Золотой стандарт», «Златые горы», «Ертіс» және «Масленкино» брендтерімен өндірілетін сүтті шикізаттан жа­сал­ған өнім­дер бар. Қазіргі уақытта компанияның дистри­бьюторлық желісінің филиалдары еліміздің 20-дан астам қаласы мен көршілес Бішкек және Ташкент шаһарында жұмыс істейді.

«Eurasian Foods» АҚ өндірістік алаңы Қарағандыда орналасқан. Жалпы ауданы шамамен 10 гектар, оның ішінде өндірістік алаңы – 2,7 гектарды құрайды. Кәсіпорында су өндіру бойынша ұңғымалар, электр энергиясының таратушы қосалқы станциялары, қойма үй-жайлары, теміржол көлігін қоса алғанда, барлық қажетті инфрақұрылым жүйе­лерімен және коммуника­циялармен жаб­дықталған.

Нұрлан ҚҰМАР

568 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы