- Бизнес & Қоғам
- 07 Қазан, 2021
Танымал теннисші қыздар АІХ-те бағалы қағаздар саудасын ашты

Жақында Astana International Exchange биржасында AIX Qazaq Index-тегі жаңа биржалық ноталар іске қосылды. Бұл бірегей бағалы қағаз аса ірі қазақстандық компанияларға бір мезгілде инвестициялауға мүмкіндік береді.
AIX Qazaq Index АІХ-те, Қазақстан және Лондон қор биржаларында саудаланатын 8 қазақстандық компанияның акциялары мен жаһандық- депозитарлық қолхаттарынан тұрады.
«Жаңа биржалық нота сауда-саттық жасау үшін тек биржада ғана емес, сонымен қатар Tabys бөлшек сауда инвесторлары үшін мобильді қосымшада да қолжетімді. Ал бұл табысты қазақстандық компаниялармен бірге кез келген қазақстандық аздаған сомадан бастап инвестициялай және өзінің табысын көбейте алатынын білдіреді», – деп атап өтті AIX басқармасының төрағасы Ренат Бектұров.
Сауда-саттықтың басталғанын білдіретін іске қосу түймесін әйгілі спортшы, Қазақстанның теннистен әйелдер құрама командасының капитаны Ярослава Шведова мен отандық теннистің жаңа жұлдызы Жібек Құламбаева басты. Әлемдік инвестиция қоғамдастығында елімізді танытатын және ұлттық экономика көшбасшыларының қызметін айқындайтын, алғашқы отандық қаржы өнімін әлемдік спорт алаңында айғақтайтын спортшы қыздар іске қосқанының символдық мәні бар.
АЙЖАН ЖАСБАТЫРҚЫЗЫ

2042 рет
көрсетілді0
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *