- Қаржы
- 07 Қазан, 2021
Тікелей шетелдік инвестициялар қай салада басым?

Еліміз экономикасының қай саласында тікелей шетелдік инвестициялар үлесі басым? Қазақстанға түсетін барлық қоржындық қаржылай салымдардың 78 пайызы инвестор-елдердің үздік ондығының (топ-10) еншісінде, деп жазады informburo.kz сайтында.
2005-2020 жылдар бойында дамыған елдер нақты несие берушілер рөлін орындап келді. Дамушы елдер мен өтпелі экономикалы елдер нетто-қарыз алушылар болып табылды. Бұл – дағдарыстан кейінгі нарықтардың қайта қалпына келуіндегі табиғи реакциясы.
Қазақстан 2020 жылы өтпелі экономикалы 17 елдің, теңізге шыға алмайтын 34 елдің арасында таза тікелей шетелдік инвестициялар көлемінің өсімі бойынша көш бастады. Ел экономикасына 3,9 млрд доллар тікелей шетелдік инвестициялар түскен, бұл бір жыл бұрынғыдан 34,9%-ға артық.
Жаһандық экономикада болса, таза тікелей шетелдік инвестициялар 1 триллион АҚШ долларын құрап, 35%-ға қысқарған, бұл – соңғы 16 жылдағы ең төмен көрсеткіш.
Ал, Қазақстан экономикасына 16 жылда 26,5 миллиард доллар таза капитал құйылған. Осы жылдарда ел экономикасына келген барлық тікелей шетелдік инвестицияның 78,2%-ы несие беруші елдердің үздік ондығының (топ-10) еншісінде екен.
Сыртқы инвесторлар құрылымында Нидерланд (27,3%), АҚШ (18,1%), Ұлыбритания (10,8%), Франция (6%), Қытай (5,7%) Ресей (5,3%), Жапония (2,8%), Швейцария (2%) мен Гонконг (1,8%) үстемдік танытуда (инфографика).
Инвестициялардың жартысынан астамы (56%) тау-кен қазу және өңдеуші өнеркәсіптерге бағытталған.
Нидерланд (елдің барлық инвестицияларының 81%-ы) пен АҚШ (89%-ы) басым деңгейде кен қазу саласына инвестиция құйса, Ұлыбритания – кәсіби, ғылыми және техникалық қызметтерге (37%-ы), Ресей (30%-ы) мен Швейцария (58%-ы) – өңдеуші өнеркәсіпке, Қытай (24%-ы) – көлік пен қаттау салаларына инвестиция салады (1-кесте).
Мұнай бағасының шарықтап кеткен кезеңінде (2011-2014 жылдар) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының сыртқы активтерін белсенді түрде ұлғайта түсу байқалды (2-кесте).
2006-2010 жылдар мен 2011-2015 жылдардағы екі бесжылдық кезеңін жиынтықтай келе айтар болсақ, мемлекеттегі сыртқы активтердің ұлғаюы салдарынан капиталдың нақты жылыстауы байқалды.
2016-2020 жылдардағы көмірсутегі бағаларының төмендеуі Ұлттық қор түсімдерінің айтарлықтай құлдырауына ұрындырды (3-кесте).
Сонымен қатар бюджетке көлемді трансферттер ауқымы тұрақты түрде жалғасып келді. Нәтижесінде бұл соңғы бес жыл бойы Ұлттық қор сыртқы активтерінің әжептәуір төмендеуіне әкеліп отыр.
Иса ҚАМБАР

1597 рет
көрсетілді2
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *
Deeynptet
15 Қыркүйек, 2022b gay chat gay chat site <a href="https://free-gay-sex-chat.com/">gay phone chat meet locals "welcome to the </a>
Gennieptet
16 Қыркүйек, 2022free gay chat lines los angeles <a href=https://chatcongays.com>chat avenue gay room</a> sex gay chat