- Цифрлы Қазақстан
- 14 Қазан, 2021
Қариясын сыйлаған елде қасиет бар

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қаржылай демеушілігімен Қазақстанда волонтерлерді қарттар үйіне, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің әлеуметтік қамсыздандыру орталықтарына тарту бойынша «Birgemiz: Qamqor» жалпыұлттық жобасы жүзеге асырылуда. Аталған жобаның аясында жыл соңына дейін республикада егде адамдар мен ерекше қажеттілігі бар тұлғаларға ұзақ уақыт бойы күтім жасау жүйесінің әдістемесі әзірленеді.
«Мархабат.KZ» мүгедектер қоғамы» ЗТБ төрағасы Дарын Сағдолдиннің айтуынша, жасалған әдістеме еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне тапсырылады. «Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдарда, оның ішінде қарттар үйінде егде адамдарға ұзақ мерзімді күтім жасау жүйесінің моделін енгізуге бағытталған жобаны іске асырып жатырмыз. Осы мақсатта біз еліміздің барлық 34 қарттар үйін аралап, әлеуметтік зерттеу жұмыстарын жүргіздік. Нәтижесінде біз қарттар мен ерекше қажеттіліктері бар адамдарға күтім көрсету сапасын жақсарту әдістемесін жасап жатырмыз. Дәрі-дәрмекпен, азық-түлікпен қамтамасыз ету, тұрмыстық жағдай сияқты барлық сәттерді ескердік. Мәселен, пандемия кезінде дәрі-дәрмекті қамтамасыз ету жағынан проблемалар болды. Келешекте мұндай жағдайлар қайталанбас үшін әзірленген әдістемеде біз оларды шешудің жолдарын қарастырамыз. Аталған әдістемені іске асыруда еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне береміз. Оның тұсаукесерін биылғы жылдың соңында өткізуді жоспарлап отырмыз», – деді ол.
Сонымен қатар, «Birgemiz: Qamqor» жалпыұлттық жобасы қарттар үйлеріне, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарына волонтерлерді тарту жөніндегі әлеуметтік қорғау басқармаларымен 5 меморандумға қол қоюды, қарттар үшін мәдени-демалыс іс-шараларын өткізуді көздейді.
Салтанат ҚАЖЫКЕН

10510 рет
көрсетілді0
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *