• Мәдениет & Спорт
  • 18 Қазан, 2021

Қазақ кинолары Қырғызстанда көрсетілді

Бішкекте Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы мәдениет күндері өтті. Мәдени шара барысында өткен қазақ киносы күндеріне мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен Қырғыз Республикасының мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі Қайрат Иманалиев пен екі мемлекеттің киногерлері қатысты.

Мәдениет және спорт ми­нистрі Ақтоты Райымқұлова Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы қарым-қатынас­тардың тамыры тереңде екенін, Тәуелсіздікке ие болған жылдары жаңаша қарқынмен дамып келе жатқанын және халық­тар арасындағы дәстүрлі бауыр­ластық байланыстар  жан-жақты орнығып, дәйекті түрде даму үстінде екенін айтты.

«Қырғызстанның көп­теген танымал кинемато­гра­фистерінің көрсетілімдері Қазақстан­мен, атап айтқанда Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясымен тығыз байланысты екенін бәріміз біле­міз. 1968 жылы жас режиссер Болот Шәмшиев хал­қымыз­дың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің «Қараш асуындағы атыс» туындысы желісінде фильм түсіріп, көрермендердің жоғары баға­сына ие болды. Сонымен қатар Болот Шәмшиев тү­сірген қазақ халқының қайсар қызы, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың ерлігін арқау еткен «Мергендер» фильмі қазақ кинематографының алтын қорына қосылды. Бұл кино күні бүгінге дейін көгілдір экраннан түспей, көрсе­тіліп келеді.

Айжан ЖАСБАТЫРҚЫЗЫ

 

284 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы