• Мәдениет & Спорт
  • 18 Қазан, 2021

Көлік қызметі кемелдене береді

Қазақстанның алға қойған межесі – дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Әрине, оған жету үшін елімізге озық технология, экономикалық соны серпін қажет. Осы ретте ел экономикасына айрықша серпін беретін көліктік-транзиттік инфрақұрылымды дамыту мәселесіне Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан – 2050» стратегиялық бағдарламасында баса назар аударғаны белгілі. Онда 2050 жылға қарай Қазақстан арқылы өтетін транзиттік тасымал көлемі 10 есеге өсуі ықтимал екендігі айтылды.

Осыған орай, таяуда Алма­тыда дәстүрлі TransLogistica Kazakhstan-2021 халықаралық көрмесі өтті. Аталмыш көрмені индустрия және инфрақұры­лым­дық даму вице-министрі Берік Камалиев ресми түрде ашты.

Көрмеге Әзірбайжан, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Латвия, Литва, Ресей, Украина және Эстонияның 80-нен астам компаниясы қатысты. Шараның ашылу рәсімінде  Берік Камалиев TransLogistica Kazakhstan-2021 қатысушы­лары мен қонақта­рына премьер-министр Асқар Маминнің құттықтау сөзін жет­кізді. «Еуразия құрлығының маңызды көлік желілерінің ортасында орналасқан Қазақстан – Азия мен Еуропа ара­сындағы транзиттік көпір және сенімді серіктес. Мұны көрме мен кон­ференцияға қатысушылардың халықаралық құрамы дәлелдейді. «Translogistica Kazakhstan – 2021» халықаралық көрмесі тран­зит­тік-көлік әлеуетін дамытуға, ұзақ мерзімді және өзара тиімді серіктестік қатынастарды одан әрі нығайтуға үлес қосатыны­на сенімдімін». Сонымен қатар Үкімет басшысы іс-шараға қа­тысушылар мен қонақтарға пайдалы кездесулер, жемісті жұмыс және жоспарларының табысты орындалуын тіледі.

«TransLogistica Kazakhstan – 2021» көрмесі Орталық Азия өңірінде бизнесті бастау немесе кеңейту, жаңа өнімдер мен қыз­меттерді іске қосу үшін зор мүм­кіндіктер ашатыны сөзсіз.

Пандемия кезеңі көлік дәліз­дерінің әлеуметтік қажеттілігі мен экономикалық тиімділігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Бұл еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыра түсті.

Қазақстан көлік саласын және көлік дәліздерінің тран­зит­тік әлеуетін дамыту үшін зор күш-жігер жұмсауда. Үкімет пен ИИДМ бірқатар салалық бағдар­ла­ма­ларды іске асырды. Саланың құқықтық негізі қа­лыптасты.Көлік қызметтерін көрсетуге қолайлы бәсекелестік орта құрылды. Соңғы 15 жылда елімізде көлік саласына шамамен 35 млрд. АҚШ доллары көлемінде қаржы салынды. 

Транзиттік жүктердің ке­дер­гісіз өтуі үшін көлік дәліз­дерін жаңғыртуға ерекше көңіл бөлі­неді. Бүгінде Қазақстан арқылы 11 халық­аралық транзиттік дәліз (5 теміржол және 6 авто) өтеді. Респуб­ликалық, облыстық және ау­дандық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы шамамен 100 мың шақырымды құрайды.

Қазақстанда 20 әуежай бар, олардың 18-і ИКАО талаптарына сәйкес келеді. Таяуда ғана өткізілген ICVM шеңберінде ИКАО ұшу қауіпсіздігінің халықаралық стандарттарына сәйкестік деңгейі (84%-ға дейін) арттырылды. ИКАО-ның объективті бағасы ҚР ИИДМ жүргізетін реформалар оң әсер еткенін көрсетеді.

Нұрлан ҚҰМАР

 

224 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы