• Бизнес & Қоғам
  • 18 Қазан, 2021

Еңбек нарығында қай сала мамандары сұранысқа ие?

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ деректері бойынша Электрондық еңбек биржасында (ЭЕБ) өткен айда кәсіпорындар тарапынан кадрларға, сондай-ақ жұмыс іздеп жүрген адамдарға сұраныстың өсімі байқалды. 137,9 мың бос жұмыс орны (+22%) және 62,2 мың түйіндеме (+8%) орналастырылды. Оқу жылының басталуына байланысты бос орындардың ең көп санын білім беру саласындағы ұйымдар құрады.

Өткен айда ЭЕБ-дағы бел­сенділіктің өсу индикатор­ларының бірі Нәтижелі жұ­мыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шең­берінде іске асырылатын жобалар бойынша бос орындарға қолжетімділікті кеңейту болуы мүмкін екенін айта кету керек.

Осылайша, биылғы жыл­дың күз мезгілінен бастап жұмыс іздеушілер «Ұрпақтар келісімшарты» және «Алғашқы жұмыс орны» жобалары бойынша мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарында бос орындарды өз бетінше таңдауға мүмкіндік алды. Бұл, өз кезегінде, ЭЕБ арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесін кеңейтті, онда азаматтар жастар практикасы, қоғамдық жұмыстар және әлеуметтік жұмыс орындары сияқты қолдау шараларына қатысады. Сондай-ақ жұмыс іздеп жүрген адам ретінде немесе жұмыссыз ретінде есепке тұра алады. 

Білім беру жүйесі үшін кадр­ларға маусымдық қажет­тілікпен қатар нарықта от жағу­шыларға, қазандық операторлары мен қазандық маши­нистеріне (от жағушылар) сұра­ныстың өсуі байқалады. Бұлар үшін өткен айға қарағанда өсім 2,9 мыңға жуық бос орынды құрады.

Осы айда сұраныс серпініне әсер еткен тағы бір фактор Қазақстан халқының жалпы­ұлттық санағы болды. Мәсе­лен, ЭЕБ-да 7,8 мың интервьюер бос орны жарияланды, тамыз айымен салыстырғанда өсім 5,3 мыңды, өңірлер бөлінісінде интервьюерлер үшін бос орындардың ең көп саны Түркістан, Шығыс Қазақстан, Алматы және Жамбыл об­лыстарында орналастырылды.

Өткен айда барлық өңірлер бөлінісінде бос орындар саны­ның жалпы өсімі аясында Алматы қаласында (-10%) және Маңғыстау облысында (-7%) бос жұмыс орындарының қысқаруы байқалды. Сонымен қатар, өткен айда жарияланған бос орындар саны бойынша 12,6 мың (өсім 6,6 мың бос орын) Алматы облысы көшбасшы болды. Екінші жағынан, бос жұмыс орындары сияқты, жұмыс іздеушілер белсенділігінің ең көп төмендеуі Алматы қаласында (-24%) және Маңғыстау облысында (-21%). Сонымен қатар түйіндеменің ең көп өсімі Ақмола (+40%) және Солтүстік Қазақстан (+39%) облыстарында болды, оларда басқа өңірлермен салыстырғанда жалпы түйіндемелердің ең аз саны тиісінше 1,6 мың және 2 мыңды құрады.

Сонымен қатар, білікті мамандар арасында түйіндеме мен бос жұмыс орындарын салыстыру кезінде интервьюерлермен қатар күзетшілер (504 түйіндеме және 2,3 мың бос жұмыс орны), автокөлік жүргізушілері (948 түйіндеме және 2 мың бос жұмыс орны), сондай-ақ тәрбиешілер (1,3 мың түйіндеме және 2,3 мың бос жұмыс орны) жетіспейді. Біліктілікті талап етпейтін кәсіптер арасында көмекші жұмыскерлер, жүк тиеушілер, әртүрлі жұмыстарды орындайтын жұмысшылар, ас үй қызметкерлері және мектептердегі тазалаушылар тапшы.

Өткен айда біліктілікті талап ететін кәсіптер арасында заңгерлер (331 бос орынға қарсы 790 түйіндеме), дене шынықтыру және спорт мұғалімдері (1,3 мың түйіндеме және 965 бос орын), сондай-ақ қаржыгерлер (238 түйіндеме және 24 бос орын) артық болды. Біліктілікті талап етпейтін арасында вахтерлер мен елді мекендерді абаттандыру бойынша жұмысшылар арасында жұмыс орындары үшін жоғары бәсекелестік байқалады.

Жұмыс берушілерді қарасты­ратын болсақ, білім беру, ауыл шаруашылығы және басқа да қызметтер саласындағы, сондай-ақ статистика және әлеуметтану саласындағы кәсіпорындар ЭЕБ-дағы бос жұмыс орындарының ең көп санын жариялады.

Өңірлер бөлінісінде білім беру саласындағы кәсіпорындар Алматы (3,6 мың бос жұмыс орны), Ақтөбе (2,7 мың), Қарағанды (2,3 мың) облыстарында және Нұр-сұлтан қаласында (2,3 мың) жоғары сұранысқа ие болды. Өз кезегінде ауыл шаруашылығы кәсіпорындары оңтүстік өңір­лерде, атап айтқанда Түркістан (3,5 мың), Алматы (2,3 мың) және Жамбыл (1,6 мың) облыстарында бос орындардың көбірек санын орналастырды.

Айжан ЖАСБАТЫРҚЫЗЫ

 

1798 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы