- Бизнес & Қоғам
- 18 Қазан, 2021
Бір ауданда қос зауыт ашылды

Алматы облысының Қарасай ауданында инвестициялық көлемі 2,5 млрд теңгені құрайтын екі жаңа кәсіпорын ашылды. Бірі, тұрмыстық электр және газ плиталарын шығаратын – «АТТЗ» ЖШС кәсіпорны, жылына 200 мыңға жуық плита шығарып, 200 жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз етуде. Ал екіншісі – «Якар» ЖШС кондитерлік өнімдер фабрикасы. Мұнда жылына 6 мың тонна тәттілер шығару жоспарланған, оның 2,4 тоннасы – шоколад, 3,6 – тоннасы карамелдер мен мұз кәмпиттер.
Қос өнеркәсіп орнының ашылу салтанатына Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров, Қазақстанның Түркиядағы елшісі Абзал Сапарбекұлы, Алматы облысы әкімінің орынбасары Серік Тұрдалиев, «KAZAKH INVEST»ҰК» АҚ төрағасы Мейіржан Юсупов қатысты. Газ және электр плиталарын өндіретін зауыттың жобасын Түркиядағы озық компаниялардың бірі «Femas Metal Sanayi ve Ticaret A.S», «Almaty Turmystyq Tehnika Zavody» ЖШС-мен бірлесіп жүзеге асыруда. Ас үйге арналған жабдықтар Түркия нарығында 40 жылдан аса қолданыста. Қазір компания 6 құрлық, 130 елде өз өнімдерін шығарып, өткізуде. Соның ішінде кіріктірілген және жеке тұратын (газ және электр) пештер, үстел үсті плиталар мен асүй сорғылары бар. Зауыттың іске қосылуы нәтижесінде өңірдегі импорттық алмасуларды азайтуға бағытталған.
«АТТЗ» ЖШС бас директоры Абдулқасым Сойыркасан, жаңа кәсіпорындағы газ және электр плиталары мен пешке арналған құрылғыларды шығаруға маманданған. «Technodom», «Sulpak», «Mechta», «Fora» және басқа да ірі сауда үйлері компанияның дистрибьютор серіктестері ретінде жұмыс істеуде. 5 фирмалық сауда орны тағы бар. Аталған жаңа зауыт Жармұхамбет ауылында орналасқан.
«Якар» ЖШС құрылтайшысы Якар Женгиз о баста жұмыс жалға алынған ғимаратта басталғанын айтты. Бұдан кейін ғимараттың жаңа іргетасы қаланып фабрика сонда көшірілді. Қазіргі кезде мұнда 50 адам еңбек етеді. Алдағы уақытта жұмыс орындарының саны 90-ға жеткізілмек.
Еске салсақ, «Якар» ЖШС – елімізде және Орта Азия елдеріндегі кондитерлік өнімдерімен танымал ірі компаниялардың бірі. Кәсіпорында тәттілердің көптеген түрі – карамель мұз кәмпиттері, шоколадты кәмпиттер, батондар, драже (арахис) т.б. өндіріледі.
Осы ретте облыс әкімдігінің қолдауымен «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында кешенді газ және электр құрылғыларымен жабдықталуына қолдау көрсетілген.
Өткен жылдың басында облыс әкімі Амандық Баталов асүйге арналған газ және электр плиталарын өндіретін зауыттың құрылысы туралы мәселені түрік инвесторларымен бірлесе отырып талқыланған болатын. Сол кездесудің нәтижесінде жаңа кәсіпорын іске қосылып, инвестиция тартылды. Бүгінде әлемдік даңқы бар сапалы өнім өндіретін компания жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етуде. Түркиялық серіктестерге экономикалық маңызы бар аталған жобаларды жүзеге асыруға Алматы облысының әкімдігі, СІМ, Қазақстанның Түркиядағы елшілігі және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ мен жергілікті атқарушы органдары барынша қолдау көрсетіп келеді.
Нұрлан ҚҰМАР

1937 рет
көрсетілді2
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *
Deeynptet
15 Қыркүйек, 2022gay chat toms river nj gay chat louisiana <a href="https://free-gay-sex-chat.com/">free cam to cam gay chat </a>
Gennieptet
16 Қыркүйек, 2022gay free chat <a href=https://chatcongays.com>gay sex chat online</a> live gay web cam chat rooms