• Қаржы
  • 21 Қазан, 2021

Халық мойнындағы қарыз – 3,5 триллион теңге

Қазақстандықтар үш триллион теңгеден аса ипотекалық несие рәсімдеген. Еліміздегі қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ұсынған талдауда соңғы жылдары ипотекалық қарыздар қоржынында айтарлықтай өсім байқалды. Биылғы жылдың басында-ақ бұл көрсеткіш 2,8 трлн теңгені немесе экономикадағы кредиттің 17%-ын құраған.

Осы жылдың басынан ипотека­лық қарыздар өткен жылдың есептік кезеңінде 14,6%-дан жедел өсіп, 18,1% құраған (2020 жылы – 34,3%). Ипотекалық қоржынның жалпы көлеміндегі неғұрлым көбірек үлес: «Отбасы банк» АҚ – 58%; «Сбербанк» АҚ ЕБ – 17%; «ЦентрКредит Банкі» АҚ – 13% еншісінде.

Ипотекалық несиелер негізінен еліміздің ірі мегаполистері саналатын – Алматы (23,2%) мен Нұр-Сұлтан (28,6%) қаласы екен.

Соңғы жылдары ипотекалық не­сиелеудің көлемі айтарлықтай арт­қанына қарамастан, еліміздің ІЖӨ-не қатынасы ЕАЭО-ға мүше елдерден біршама артта қалғандығын көрсетеді. Ипотекалық несиелер көлемінің ІЖӨ-ге қатынасы Қазақстанда тамыз айының қорытындысы бойынша 3,8% құраса, Ресейде – 9,5%, Беларусьте – 6,7%, Арменияда – 6,7% (инфографика).

Биылғы жылдың қаңтар-та­мыз­ айлары аралығында жаңадан берілген ипотекалық қарыздар көлемі 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,1 есе, 1 032 млрд тең­геге дейін өскен, бұл 2020 жылы беріл­ген жылдық көлемнен 6,6%-ға (2020 жылы – 967,7 млрд теңге) артық. Ипотекалық қарыздар көле­мінің өсу факторларының бірі – ипотекалық тұрғын үй қарыздарын алу мақсатында бастапқы жарна енгізу үшін пайдаланылған азаматтардың зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын шешілуінде болып отырған жайт.

«БЖЗҚ» АҚ мәліметтері бойынша биыл 5 қазанға зейнетақы жинақ­тарынан алынған 1,9 трлн теңге тұрғын үй мәселесін шешуге ау­дарылған, оның ішінде 198,7 млрд теңгесі (11%) ипотека алуға бастапқы жарна үшін төлеуге бағытталған. Ипотекалық қарыз бойынша борыштарын ішінара/толықтай өтеуге 296,4 млрд теңге (16%) алынған.

Бұл ретте зейнетақылық төлемдер­дің 1,3 трлн теңгесі (70%) тұрғын үйді ипотекалық қарызды пайда­ланбай-ақ сатып алуға жұмсал­ған, ал бұл жылжымайтын  мүлік бағасына  қысым көрсетті. 2021 жыл­дың басында жаңа үйлерге баға 11,7%-ға, жаңа емес үйлерге – 19,5%-ға өскен.

Мемлекеттік тұрғын үй бағ­дар­ла­масы бойынша ипотека­­лық қарыздар жөнінде орташа өлшем­делген сыйақылар қарызгер­лер үшін қажет болса, Ұлттық банктің база­лық мөлшер­лемесінен төменгі дең­гейін сақтауда. Биыл тамыздағы ипотека­лық несиелер бойынша орташа өлшемделген мөлшерлеме 7,9% (2020 жылдың желтоқсанында – 7,5%) құраған.

Сұраныстардың артқанына қара­мастан, жылжымайтын мүлік на­ры­ғындағы баға одан әрі өсе түскен. Биыл 8 айда пайдалануға берілген тұрғын үй-жайлардың жалпы көлемі 10,5%-ға артып, 8,9 млн шаршы метр (2020 жылдың 8 айында – 8,1 млн ш.м.) құраған. Былтырғы 8 аймен (177,6 мың мәміле) салыстырғанда 2,1 есеге артып, биыл 8 айда 370,2 мың сатып алу-сату мәмілесінің рекордтық саны тұрғын үйге сұраныстың өсіп отырғанын дәлелдейді.

Ипотекалық қарыздардың арту үрдісі байқалады. Мемлекеттік несие бюросының мәліметтеріне сәйкес, 2021 жылдың 1 қыркүйе­гіне бір қарызгер борышы­ның орта­ша сомасы жыл басынан бері 10,4%-ға (01.01.2021 ж.-ға – 7,6 млн теңгеге) артып, 8,4 млн теңге құра­ған. Ипотекалық қарыз бойынша борыштың орташа сомасының артуы тұрғын үй бағасының өсуімен айқындалады.

Ипотекалық кредиттеудің жайлы жағдайлары, қарызгерлер берешегінің төмендігі және ипотекалық қарыздар қоржынының ұлғаюы салдарынан оның сапасы жақсара түсуде, дейді сарапшылар. 90 күннен аса мерзімі өткен берешектері бар ипотекалық қарыздар көлемі, жыл басынан бері 0,6 п.т. немесе 1,7% төмендеп, 46 млрд теңге құраған.

Жеңілдетілген ипотека бағдар­ламасының кеңеюі, ипотекалық кредит беру жағдайларын жұмсарту және тұрғын үй нарығына зейнет­ақы жинақтарына байланыс­ты ипотекалық қарыздар беру айтарлықтай жеделдеді. Ипо­текалық қоржынның ұлғаюына қарамастан, қарызгерлердің бере­шектік ауыртпалықтары мен нақ сол ипотекалық қоржындардағы жұмыс істемейтін қарыздар үлесі төменгі деңгейде, деп түйіндейді агенттік жүргізген талдауда.

Иса ҚАМБАР

1447 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы