• Аймақ тынысы
  • 29 Қазан, 2021

Ерлерін ескерген ел кемеңгерін табады

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Алматы облысының Кербұлақ ауданы, Жоламан ауылында Сәмен батырдың құрметіне мұражай кешені ашылды. Кешеннің ашылу салтанатына облыс әкімі Амандық Баталов, генерал-майор Алик Шпекбаев, генерал Сәт Тоқбаев, Парламент мәжілісінің депутаты Дархан Мыңбай, зия­лы қауым өкілдері және ауыл тұрғындары қатысты.

Өзінің құттықтау сөзінде Амандық Баталов өңірде «Рухани жаңғыру» бағдарлама­сын жүзеге асыруға үлкен көңіл бөлінетінін, жаһанданудың барлық заманауи тәуекелдері мен сын-тегеуріндерін ескере отырып, қазақстандықтар­дың рухани құндылықтарының жандануына бағытталған бағ­дарлама еліміздің әлемдік бә­секе­ге қабілеттілігін арттыруға, ұлттық бірегейлікті сақтауға және азаматтардың білімі мен сана­сының ашықтығын танымал етуге арналғандығын атап өтті.

– Бұл қасиеттер қазіргі за­ман­ғы отандастарымыздың негіз­гі бағдарына айналуға тиіс. Біз Ескелді би ескерткішін қалпына келтірдік, Жолбарыс бидің 350 жылдығына арналған ескерткіш­ті дайындап жатырмыз, замандастары Нарынқол ауылында Мұқағали Мақатаевқа 90 жылдық мерейтойы аясында ескерткіш орнатты. Жетісу – ақындар мен батырлардың мекені. Бұл кешеннің ашылуы Елбасының дана саясатын жүзеге асырудың бір көрінісі болды. Біз батырла­рымыздың ерліктерін есте сақтап, құрметтеуіміз керек. Олардың ба­тырлығы мен ба­тылдығының арқасында біз қазір тәуелсіз елде өмір сүріп жатырмыз. Әсіресе жастар өз халқының тарихын зерттеп, елінің батырларын білуі тиіс. Бүгін ашылған кешен жас ұр­паққа патриоттық тәрбие беруде өз рөлін атқаратынына сенім­дімін, – деп атап өтті ол.

Осындай маңызды оқиғамен генерал-майор Алик Шпекбаев құттықтады. Бұл игі бастама­ға Сәт Тоқбаев, Наурызбай Қылыш­баев, Ермек Келемсейіт сын­ды құрметті ақсақалдар бата берді.

– Мұражай аумағында қазан айында көкнәр өсті, бұл өте жақсы белгі. Өйткені осындай уақытта көкнәр гүлдемейді. Тарихымызды сақтайық, – деді Ермек Келемсейіт.

Мұражай кешенінің экспозициясы бес тақырыптық бөлім­нен тұрады: этнография залы, Сәмен батырға арналған зал, батырлардың қару-жарақтары сақталған үшінші зал, галерея және соңғы зал батырдың ұр­пақ­тарына арналған.

Экспозиция тақырыбы өлкенің тарихын, қазақ халқы­ның этнографиясын ашады. Сондай-ақ кешен аумағында Сәмен батыр кесенесі мен келу­шілер үшін арнайы қонақ үй тұрғызылған.

– Ауылда осындай мұражай ашылғанына өте қуанышты­мыз. Бұл бүгінгі таңдағы маңызды оқиғамен қатар ауылдастар үшін жоғары мәртебе. Меценат­тар мен облыс басшылығына батыр бабамыздың аты ескеру­сіз қалмай, өскелең ұрпаққа тарихтан тағылым беріп отыр, – деді ауыл тұрғыны Мәтен Әбдірайымов.

НҰРЛАН ҚҰМАР

394 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы