• Бизнес & Қоғам
  • 04 Қараша, 2021

Сарыарқаавтоөнеркәсіп: Қостанай зауытында 150 мыңыншы автокөлік шығарылды

Еліміздегі ірі автомобиль өндіруші – Қостанайдағы «Сарыарқа­АвтоӨнеркәсіп» зауытының конвейерінен 150 мыңыншы автокөлік нарыққа жол тартты.

Мерейтойлық жүз елу мы­ңын­шы автокөлік қазақстан­дықтар арасында үлкен сұра­нысқа ие және еліміздің автомобиль нарығында жетекші орындағы ChevroletNexia үл­гісінің үлесіне тиді. Мәселен, биылғы жылдың үш тоқсанында осы үлгідегі көліктің 9 мыңнан астамы сатылды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Биылғы  жылдың тоғыз айында «СарыарқаАвтоӨнеркәсіп» жауапкершілігі шектеулі серік­тестігі зауытында 38 мыңнан астам автомобиль шығарылды. Бұл өткен жыл­дың есепті кезеңімен салыс­тырғанда 147 пайызға артық. Кәсіпорын ұжымы  пандемияға қарамастан, жылына 60 мың автомобиль шығару жөнін­дегі жос­парлы межеден көріне­тіндігіне сенімді.

Ұзақ жылдардан бері елі­міздің автокөлік өндірісінде көшбастаушы орыннан көрініп келе жатқан Қостанай автомобиль зауыты бүгінгі таңда JAC, Chevrolet, Kia, Renault, Lada, SAZ брендтерінің көліктерін шы­ғарады. Аталмыш кәсіп­орында құрастырылып шыққан автокөлік түрлері қазақстан­дықтардың арасында үлкен сұранысқа ие болумен қатар, жақын және алыс шет елдер тұтынушылары тарапынан да жоғары бағаланып келеді.

Зауыт өнімдері еліміздің ішкі нарығымен қатар, бірқатар ТМД елдеріне де шығарылады. Биыл отандық өндірістің 5 мыңнан астам көлігі Ресей Федерациясы мен Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан және Беларусь рес­публикаларына экспортқа жіберілген.

Кәсіпорынның қол жет­кізген табыстары мен жетіс­тіктері – зауыт ұжымының кә­сіби шеберлігі мен қажырлы еңбегінің жемісі екенін атап өткен жөн. Қостанай зауытында 1800-ден астам адам жұмыс істейді, олар SAPUniversity-де тұрақты негізде оқып, кәсіби біліктілігін арттыра алады.

2900 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы