• Бизнес & Қоғам
  • 04 Қараша, 2021

Сақтандыру саласындағы жаңа өнімдер

«Қазақстан Халық банкінің «Халық-Life» өмірді сақтандыру жөніндегі еншілес компаниясы» АҚ биылғы 9 айдағы жұмыс қорытындысын жариялады.

Биыл 3-ші тоқсанның қорытын­дысы бойынша «Халық-Life» АҚ сақтан­дыру сыйақыларының жиын­тық көлемі 92,8 млрд  теңге болып, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыс­­тырғанда 88 пайызға ұлғайды. Компанияның  жылдың басын­дағы нарық үлесі 33,6%-ды құрады. Осы кезеңде клиенттерге сақтандыру төлемдері де өсті. Тоғыз айдың ішінде 8,2 млрд тең­геден астам төлем жасалған, бұл 2020 жылдың есепті уақыттағы көрсеткі­шімен салыстырғанда 16%-ға артық. Компания Қазақстанда өмірді сақтандыру нарығының бүкіл тарихында алғаш рет жыл басынан бері 100 млрд теңге көлемінде сақтандыру сыйақыларының ре­кордтық көлемін жинады. «Тоғыз айдың жұмыс нәтижелері кезекті рет компаниямыздың оң даму барысын, сенімділігі мен қаржылық тұрақтылығын, сондай-ақ ұсы­нылатын сақтандыру өнімдері­не қажеттілікті айқындады. Карантиндік шектеулер орын алған 2020 жыл ел тұрғындарына сақтандыру арқылы қорғаныс түріндегі «қауіпсіздік көпшігінің» маңыздылығын көрсетті. Осыған байланысты компанияның алдағы жылдарға арналған стратегия­сы өмірді жинақтаушы сақтандыру өнімдерін кеңейту түрінде ұзақ мерзімді қорғау бағдарламаларын іске асыруға және дамытуға бағытталатын болады. Осы өнімдер қаржылық қорғанысты қамтамасыз етуге мүмкіндік және болашаққа қосымша сенімділік береді, ал шарт мерзімі аяқталған сәтте біздің клиенттері­міз үшін қаржылық жинақтардың қалып­тасуына кепілдік береді. Тә­жірибе көрсеткендей, біздің компания ұсынатын ыңғайлы сервистер мен бағдарламалардың арқасында клиенттер мұндай жинақтарды ең маңызды өмірлік жоспарларды іске асыруға, атап айтқанда, меншікті капиталды көбейтуге, баланың білім алуына немесе өз балаларының жинақтарын мұраға қалдыру үшін негіз жасауға бағыттайды. Сонымен қатар, жинақтаудың бұл түрі құнсыздану тәуекелдерінен және валюта бағамының ауытқуынан сенімді қорғалған», –  деп атап өтті «Халық-Life» АҚ басқарма төрайымы Жанар Жұбаниязова.

Компания былтыр нарыққа өмірді жинақтаушы сақтандырудың ең табысты өнімдерінің бірі – валюта­дағы кірістілігі 3,52%-ға дейін болатын «Халық-Қазынаны» нарыққа шығарды. Жыл басынан бері бұл бағдарлама компанияға 13,8 млрд теңгеден астам сомаға сақтандыру сыйақыларын тартуға мүмкіндік берді. Бұдан басқа, биыл компания өз клиенттеріне 5 минут ішінде онлайн сатып алуға болатын «COVID-19» және «Life-Пер­сона» өмірді сақтандыру бойынша өнімдерді ұсынды. «Life-Персона» сақтандыру бағдарламасының негізгі артықшылығы сақтандыру мерзімі аяқталғаннан кейін қандай жағдай болмасын кли­енттің сақтандыру жарналары қай­тарылады.

Ал шағын кәсіпкерлік субъекті­леріне ыңғайлы болу үшін «Халық-Life» компаниясы қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғадан мін­детті сақтандыру шарттарын жасасу мақсатында онлайн сервисті іске қосты. Енді қызметкерлерінің саны аз жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлға­лар да офистен шықпай-ақ, өз қызметкерлерін жедел сақтандыра алады.

Осы жылдың басында Халық-Life клиенттерге барынша ыңғайлы болу үшін сақтандыру нарығында бірінші болып IOS және Android негізіндегі мобильді қосымшаны іске қосты. Бірегей мобильдік сервистің арқасында компания­ның клиенттері әлемнің кез келген нүктесінен 24/7 режимінде өз сақтандыру шарт­тары­ның жағдайын қадағалап, жарналарды төлей алады, компания қызметі туралы жаңалықтармен танысып, басқа да  қызметтерді орындай алады.

Өмірді сақтандыру жөніндегі «Халық-Life» АҚ 2005 жылы құ­рылған. Компанияның меншік­ті капиталы 44,5 млрд теңгені құ­рай­ды. Компанияның қаржы­лық тұрақтылық  рейтингісі «B+» деңгейінде, сондай-ақ АМ Best халықаралық рейтингтік агенттігінің өмірді сақтандыру жөнін­дегі барлық қазақстандық компаниялар арасында ең жоғары «bbb-» деңгейіндегі кредиттік рейтингіне ие.

САЛТАНАТ ҚАЖЫКЕН

3092 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы