• Үкімет: келелі міндеттер көшінде
  • 04 Қараша, 2021

Ынтымақтастық белсенді қарқын алды

Премьер-министр Асқар Мамин Мәскеу қаласына жұмыс сапары аясында Ресей Федерациясы үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен келіссөз жүргізді.

Үкімет басшылары сауда-экономика, қаржы-инвес­тиция, транзиттік-көлік, ауыл шаруашылығы, мұнай-газ химиясы, энергетика, ғарыш салаларындағы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығын одан әрі арттыру перспективаларын, сондай-ақ өнеркәсіптік кооперация аясындағы жобаларды талқылады. Еуразиялық экономикалық одақ форматындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері, сондай-ақ COVID-19 таралуына қарсы күрес және екі елдің экономикалары үшін пандемия салдарын жою жөніндегі бірлескен шаралар қаралды.

А. Мамин екі елдің ұлттық экономикаларының белсенді қалпына келуі аясында Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық қатынастар мен инвестициялық ынтымақтастық дамуының жоғары қарқынын атап өтті. Осы жылдың 8 айында елдер арасындағы тауар айналымы $14,7 млрд дейін 27%-ға өсті. Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша тараптар бұл көрсеткішті $20 млрд дейін жеткізуге ниетті. 2021 жылдың бірінші жартысында РФ-ның ҚР экономикасына тікелей инвестицияларының көлемі 17%-ға артып, $704,9 млн құрады. Қазақстанда Ресей капиталының қатысуымен 10 мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді, бұл шетелдік қатысуы бар кәсіпорындардың жалпы санының 36,1%-ын құрайды. Өнеркәсіптік кооперация саласында $1,7 млрд сомасына 8 бірлескен ірі жоба іске асырылып жатыр.

Биылғы жылдың 9 айында Қазақстан мен Ресей арқылы Орталық Азия, Еуропа, Қиыр Шығыс бағыттарына 599,5 мың ЖФЭ тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 37%-ға артық. Қытай – Еуропа – Қытай бағытындағы транзиттік контейнерлік тасымалдар көлемі 493,5 мың ЖФЭ (+38%) құрады.

РФ Үкіметінің Үйлестіру орталығында А. Мамин мен М. Мишустин көлік инфра­құ­рылымының озық дамуы, екі елдің транзиттік әлеуетін және аймақтық өзара көлік байланысын нығайту, оның ішінде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай», «Солтүстік – Оңтүстік» дәліздері және ЕАЭО кеңістігіндегі басқа да бағыттар шеңберінде нығайту мәселелерін талқылады. ҚР индустрия және инфрақұрылым­дық даму вице-министрі Берік Қамалиевтің, РФ көлік министрі Виталий Савельевтің, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаевтың және «РТЖ» ААҚ бас директоры – басқарма төрағасы Олег Белозеровтың баяндамалары тыңдалды.

Келіссөзге Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ермек Көшер­баев, стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетов, сау­да және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев және басқа да тұлғалар қатысты.

Ботагөз ӘБДІРЕЙҚЫЗЫ

434 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы