• Білім & Ғылым
  • 11 Қазан, 2021

Сапалы білім – сындарлы мақсат

Кез келген мемлекеттің болашағы – білімді жастар. Сондықтан елімізде жастардың сапалы әрі озық білім алуы үшін барлық жағдай жасалып отыр. Жаһандық кеңістікте бәсекеге қабілетті мамандар даярлау, әлемнің дамыған мемлекеттеріндегі білім беру деңгейіне жету жолында көптеген жұмыстар атқарылуда.

Соның негізінде Қазақстанда өзіндік заманауи білім беру жүйесі­мен ерекшеленетін және ең жақсы білім беру моделін үйлестіретін эли­талық оқу орындарының қатары көбеюде. Сол оқу орындарының ішінен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін ерекше атап өткен жөн. Еліміздегі білім мен ғы­лымның ірі орталығы, жоғары білім саласындағы көшбасшы ҚазҰУ – сан салалы халық шаруашылығына жоғары білікті мамандар даярлау ісі мен қоғамдық дамуға зор үлес қосып келе жатқанына 87 жыл болған қара шаңырақ.

Қазақтан шыққан есімі әлем­ге әйгілі ғалымдар мен ақын-жазушылардың, мықты журна­лис­тердің білім ордасы болған ҚазҰУ талапкерлер арасында ерекше орын­ға ие. Қазақ ұлттық университетінде оқу үшін жыл сайын сан мыңдаған талапкерлер бағын сынайды. ҚазҰУ студенттік қалашығында студенттер үшін барлық жағдай жасалған. Кітапхана, компьютерлік класс, кітаптарды электронды іздеу секілді заманауи тұрғыда ерекше жабдықталған. Кітапхананың әр бұрышы қазақ тарихымен көмкерілген, оған куә – Алаш зиялыларына арналған қабат.

Қазақ ұлттық университеті қала­шығында жас ғалымдар үйі бар. Жайлы да жарық 13 жатақханадан тұратын қала ішіндегі қала аталып кеткен бұл кешен – докторанттар мен магистранттарға арналған еліміздегі алғашқы нысан. Ө.А. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында жыл сайын Наурыз мерекесі, факультеттер арасында ұйымдастырыла­тын «Студенттік көктем», «Көңілді тапқырлар клубы» ойындары өтеді. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университеттік кешені құрамына кіретін Ө.А. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы – мәдени-ойын-сауық бағытындағы нысандар арасында үлкендігі жағынан Республика сарайынан кейінгі екінші орында.

«Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы жыл сайын 10 мыңға жуық жас талапкерді қабыл­даса, студенттер сол жерде кореялық алдыңғы қатарлы технологиялармен жабдықталған меди­циналық орталықта жарты жылда бір рет міндетті медициналық тексеруден өтіп отырады. Сонымен қатар қалашық ішінде үлкен спорт кешені, олимпиада чемпионы Д.Баландин атындағы су бассейні де бар. Жыл сайын студенттердің білімін жетілдіру, отансүйгіштікке баулу мақсатында «Мен жастарға сенемін!» атты рес­публикалық патриоттық фестиваль өткізіледі. Қазақ халқының тарихына қызығушылықты арттыру мақсатында «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» жобасы жүзеге асырылғалы бері білімге құштар жас­тар қатары көбейіп келеді.

Қазақ ұлттық университетінің әлемнің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының арасынан орын алуы – бұл университетіміздің еліміздегі сапалы білім беретін ең үздік оқу орны екендігінің дәлелі.

Мейіргүл ЖЕТПІСБАЕВА,

Жазира ҚҰТПАНБАЕВА,

ЮНЕСКО, халықаралық

журналистика және қоғамдық

медиа кафедрасының

оқытушылары

2833 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Қуантайұлы Нұржан

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редакторы