• Қаржы
  • 11 Қараша, 2021

ІШКІ ВАЛЮТА НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ӘЛЕМДІК ҚАРЖЫЛЫҚ АХУАЛ

Бүгінгі күні мұнайдың белгіленген бағасының көтерілуі жалғасуда.  Алайда мұнай нарығындағы оң серпін қазанда теңге бағамына әсер ете қоймады. Сонымен қатар бизнес пен  жұртшылық тарапынан шетел валютасына  сұраныстың  өсе түскендігі байқалып отыр. Осыған орай  Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова  ішкі валюта нарығы  және әлемдік қаржылық ахуал туралы айтып берді.

  – Мұнай бағасы теңге бағамы үшін негізгі макрофакторлардың бірі болып қала береді. Өйткені ішкі нарық­тағы шетел валютасын ұсыну көлемі мұнай бағасына байланысты. Алайда, бағамның қалыптасуына әсер ететін көптеген ішкі және сыртқы  факторлар бар, бұл жағдай дамыған және дамушы нарықтар­дың валютасына тән. Бірінші­ден, экономикалық белсенділіктің қалпына келуі және фискалдық серпіннің аясында импорттың өсуі теңге бағамына тұрақты қысым көрсетіп отыр. Сондықтан мұнай нарығындағы жарыс нәтижесінде экспорттаушылардың валюталық түсімінің өсуіне қарамастан, көріп отырғанымыздай  шетел валютасына сұраныстың  өсуі теңгенің нығаюына мүмкіндік бермейді. Сонымен қатар, тұтыну тауарлары импортының өсуі­не байланысты төлем теңгерімінің  ағымдағы шоты тапшылықта қалып отыр,  – деді Әлия Молдабекова.

Қаржы реттеушісінің өкілі бизнес пен халық тарапынан шетел валютасына  сұраныстың  жоғары болуына ішкі нарықта Ресейден әкелінетін тауарлар көлемінің  артуы айқын мысал бола алатынын атап өтті. «Мен соңғы берген сұхбатта биылғы жылғы екінші тоқсанның нәтижесі бойынша Ресей тауарлары импортының  көлемі 4,2 млрд АҚШ доллары сомасына жетіп, өткен жылғы екінші тоқсанмен салыстырған­да 36,1 пайызға ұлғайғанын, ал биыл бірінші тоқсанда осындай көрсеткіш 2,4% болғанын атап өткен едім. Осылайша, Ресей Федерациясынан әкелінетін тауарларға ішкі сұраныстың артуы теңгенің Ресей рубліне қатысты айырбастау бағамының әлсіреуіне алып келеді. Биылғы жылғы қазанда теңгенің рубльге қатысты бағамы бір рубль үшін 5,85 теңгеден 6,05 теңгеге дейін немесе 3,4 пайызға әлсіреді», – дейді төраға орынбасары.

Екіншіден, еркін өзгермелі жағ­дайда жаһандық үрдістер теңгеге тікелей ықпал етіп отыр. Саны бойынша жеңілдету бағдарламала­рын қысқарту және 2022 жылы Fed мөл­шерлемесінің артуы жөніндегі нарықтың күтулері аясында АҚШ долларының нығаюы инвесторлар арасында дамушы нарықтарға қатысты теріс сентимент туындатады. «Үшіншіден, биыл шикізат тауарлары бағасының өсуі мен шикізат экономикалары валюталарының серпіні арасындағы әлсіз байланыс жаһандық кеңістікте байқалды. Канада доллары, Норвегия кронасы, Ресей рублі жыл басынан бері мұнайдың екі мәнді өсуіне қарамастан, салыстырмалы түрде нығаймады. Кейбір талдаушылар бұл жағдайды АҚШ долларының жаһандық нығаюымен ғана емес, мұнай бағасының ұзақ мерзімді өсуінде сенімділіктің болмауымен де байланыстырады. Олардың пікірі бойынша, бұл байқалып отыр­ған энергетикалық дағдарыстың уақытша сипатына, сондай-ақ ОПЕК+ тарапынан өндіруді әлеуетті ұлғайтуға байланысты», – деп қосты спикер.    

Осының салдарынан, мұнай бағасының өскеніне қарамастан, ұлттық валюта бір айда 0,3 пайызға, бір доллар үшін 427,15 теңгеге дейін, әлсіреді. «Ұлттық банк валюталық интервенция жүргізген жоқ. Теңгеге бюджетке трансферттерді жүзеге асыру үшін 988 миллион доллар көлемінде ұлттық қор қаражатын айырбастау және квазимемлекеттік сектор субъектілері тарапынан 208 миллион доллар мөлшерінде міндетті сату операциялары қолдау көрсетті. Шетелдік инвесторлар тарапынан шетел валютасын қосымша ұсыну нарықтың өтімділігін жақсартуға және сұранысты ішінара қанағаттандыруға ықпал етеді. Қарашаның басынан бері мұнай бағасының төмендеуі аясында теңге бағамы 0,5 пайызға, 429,20-ға дейін әлсіреді», – деп атап өтті Әлия Молдабекова.

Ернар ОРМАНОВ

1088 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы