• Кәсіпкерлік
  • 18 Қараша, 2021

Тауарды өндірісте таңбалау – ең қолайлы нұсқа

Биылғы жылдың 1 қарашасынан бастап таңбаланбаған аяқ киімді өндіруге және еліміз аумағына әкелуге тыйым салынды. Мұндай шешім сала өкілдерімен өткізілген кеңес нәтижелері бойынша қабылданды. Ал бөлшек сауда бизнесінде таңбаланбаған тауарлардың қалдықтарын сату үшін 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін қосымша мерзім бар.

Бұдан бұрын міндетті цифрлық таңбалау 2021 жыл­дың шілдесінде енгізіледі деп жоспарланған болатын, алайда көптеген импорттаушылар күз-қыс маусымына шетелдік өндірушілерден алдын ала жарты жылға ерте тауар­ларға тапсырыс береді.

Сондықтан көктемде тапсырыс берілген таңбаланбаған аяқ киімнің Қазақстан шекарасын 1 шілдеге дейін өтпей қалу қаупі туындаған болатын.
«Енді нарықта жаңа норма­ларға мұқият дайындалу үшін тағы бес ай және таңбаланбаған тауарлардың қалдықтарын сату үшін бір жылдан астам уақыт бар. Бизнес үшін тәулік бойы цифр­лық таңбалау бойынша жедел желі жұмыс істейді. Цифрлық экономиканы дамыту орталығы үнемі мамандандырылған вебинарлар өткізеді, сала өкілдеріне жеке кеңестер береді. Сондықтан әрбір кәсіпкердің нарықтағы жұмыстың жаңа ережелеріне мұқият дайындалу мүмкіндігі мен уақыты бар», – дейді Цифр­лық экономиканы дамыту орталы­ғының бас директоры Бикеш Құрманғалиева.
Жаңа ережелер бойынша жұмыс істеу үшін өндірушілер мен импорттаушылар таңбалау жүйесінде (markirovka.kz) тіркелуі керек. Таң­балау кодтарын шыға­ру үшін жүйеге өндірілетін және импортталатын өнім туралы ақ­па­ратты енгізу қажет. Осындай бір кодтың құны 2,68 теңгені құрайды.
Қазіргі уақытта аяқ киім тауарла­рының айналымының 96 пайызы – импорт, 4 пайыз – ішкі өндіріс болып сипатталады. Аяқ киім ішкі нарығының дамуын көлеңкелі айналым айтарлықтай шектейді.
Цифрлық таңбалауды енгізу – контрафактіден тазартудың ең тиімді жолы болмақ. Ресми мәліметтер бойынша, ол қазір нарықтың 48,5 пайызын құрайды, бұл нарықтағы барлық тауарлардың жартысына жуығы. Цифрлық таңбалаудың артықшылығы – бұл аяқ киімнің әр жұбын сәйкестендіруге және оны адам факторының әсерінсіз тауарлық тізбектен қадағалауға мүмкіндік береді.
Тауарға Data Matrix коды бар стикер немесе заттаңба кедендік рәсімдерден өткенге дейін басқа елдегі өндірісте немесе еліміздің аумағындағы кеден қоймасында орнату қажет болады. Data Matrix коды тікелей аяқ киімге, сондай-ақ тауарлық белгіге немесе тұтынушы қаптамасына қолданылуы мүмкін. Жаңа цифрлық белгі сатып алушы үшін өнімнің заңдылығы туралы сигнал болады. Тұтынушы Data Matrix кодын арнайы мобильді қосымшамен сканерлеп, өнім туралы толық ақпарат алып, оның заңдылығын тексере алады.
Импорттаушылар Қазақстан үшін аяқ киімді тікелей өндіруші зауыттарда да таңбалай алады. Елімізде  цифрлық таңбалаудың Бірыңғай операторы еліміз үшін аяқ киім шығаратын 45 шетелдік зауытпен келіссөздер жүргізді. Олардың көпшілігі бір жарым жылдан бері Ресей нарығына арналған аяқ киімді таңбалап келуде және осындай жаңашылдықтарына дайындығын білдірген.
Тауарды өндірісте таңбалау – ең қолайлы нұсқа, сонымен қатар импорттаушылардың Қазақстанға өнімді әкелу кезінде кедендік қоймада да таңбалау қызметіне тапсырыс беруге мүмкіндігі бар. Кеден қоймалары жаңа талаптарға белсенді дайындалуда. Олардың аумағында кедендік рәсімдер кезінде шетелдік өндіруші зауыттарда таңбаланбаған тауарға Data Matrix цифрлық коды бар стикерлер немесе этикеткалар қолданылатын болады.
Орташа алғанда, өндірушілер мен импорттаушылар үшін таңбалауға байланысты шығыстар бір жұп аяқ киім құнының 0,1% – 2,5%- ын құрайтын болады.
Тауарларды цифрлық таңбалау – бұл ЕАЭО деңгейінде жүзеге асы­рылатын ұлтаралық жоба. Бұл елімізде аяқ киім саласына  міндетті цифрлық таңбалау енгізілген алғашқы салалардың бірі болмақ. Мұндай шешім нарықтағы контрафактілік деңгейін ескере отырып қабылданды. Аяқ киімнің цифрлық таңбалануы нарықты «ағартуға» және оны контрафактіден тазартуға ықпал етеді. Сонымен қатар, аталған шара қоғамдық бақылауды күшейтуге мүмкіндік бермек. Яғни, Naqty Onim мобильді қосымшасы арқылы тұтынушылар таңбаланған тауардың түпнұсқалығын оңай тексере алады.
Тауарларды цифрлық таңбалау – цифрлық экономиканың негізгі элементтерінің бірі. Қазіргі уақытта нарықта «көлеңкелі айналымның» үлесі көбейіп келеді. Оның алдын алу үшін арнайы жоба енгізілуде. Жаңа технологиялардың нәтижесінде әр тауарды сәйкестендіру мүмкіндігі пайда болмақ. Тауардың әр бірлігін өндірістен шыққаннан тұтынушының қолына жеткенге дейінгі тізбегі толық бақыланады. Сондай-ақ таңбалау мен қадағалаудың бірыңғай жүйесі арқылы тауарды қабылдап алу-беру, қайтару, жөнелту, айналымнан шығару секілді үдерістерді растайтын ақпаратпен, құжаттармен жедел алмасу үшін цифрлық орта пайда болады.

САЛТАНАТ ҚАЖЫКЕН

492 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы