• Цифрлы Қазақстан
  • 25 Қараша, 2021

Энергетика, IT және бизнесті дамытудағы жобалар талқыланды

Үстіміздегі жылдың 19-шы қарашасында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Қазақстан-Британ техникалық университетінің құрылғанына 20 жыл толуына орай аталған оқу орнының мәжіліс залында «Білім беру технологияларындағы түрленім. Энергетика, IT және бизнес: шарттары мен мүмкіндіктері» атты халықаралық конференция өтті.

Конференцияны университет рек­торының міндетін атқарушы Маратбек Габдуллин ашып, қатысушыларды осы атаулы күнге арналған іс-шарамен құттықтады.

Конференцияға білім беру сала­сының жетекші мамандары, ғалымдар, отандық және халықаралық ірі ком­паниялардың басшылары қатысып, кездесу офлайн және онлайн форматында өткізілді. Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен тұспа -тұс келіп отырған университеттің 20 жылдығына орай  Нұрсұлтан Назарбаев атындағы Білім беру қоғамдық қорынан, Білім және ғылым министрлігінен, Алматы қаласы әкімінің атынан құттықтаулар мен  алғыс хаттар табыс етілді. Қазақстанның мемлекеттік және қоғам қайраткері, академик, университеттің алғашқы ректоры Әділ Ахметов, «KAZENERGY» ассо­циацияның бас директоры  Кенжебек Ибрашев, «Меридиан Петролеум» мұнай-газ компаниясының президенті, геология және минера­логия ғылымдарының докторы Балтабек Қуандықов, Қазақстан Рес­публикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Ко­рольдігіндегі, Исландиядағы, Ирландия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Ерлан Ідірісов (онлайн), «ҚазМұнайГаз»ҰК» АҚ төрағасының кеңесшісі Жақсыбек Күлекеев (онлайн), ҚБТУ Түлектер қауымдастығының президенті, «QazTech Ventures» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі Медет Дүйсембаев, «Яндекс» компаниялар тобының негізін қалаушылардың бірі және бас директоры Аркадий Волож (онлайн), Логистика және көлік  академиясы ректоры мен ұжымының атынан келген өкілдер өздерінің жүрекжарды ақ тілектерін білдірді.

Бұл басқосу ғылым, білім және индустрия саласындағы үрдістерге арналған бірегей диалог алаңы – бизнес, энергетика және ақпараттық технологияларды дамытудағы жоғары нәтижелерге қол жеткізу мақсатында әртүрлі бағыттағы сарапшылар мен зерттеушілер өз тәжірибесімен бөліс­кен платформа болды. Халықаралық конфе­ренцияға білім және ғылым саласындағы мамандар, Ұлыбритания, АҚШ ғалымдары, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академиктері, индустрия және бизнес өкілдері, жергілікті атқарушы органдар, халық­аралық ұйымдар, сондай-ақ салалық қауымдастықтардың өкілдері аралас форматта өз ойларын жеткізді.Пленарлық отырыс энергетика, IT және бизнеске арналған үш секция аясында ұйымдастырылып, онда білім беруді трансформациялау саласында ақпараттық алмасулар, онлайн-оқытудың үздік тәжірибелерін талдау, кадрларды даярлаудың үздіксіз жүйесін іске асыру мәселелері мен университет дамуындағы, ғылымның интеграциясындағы компаниялар­дың рөлі, ғылыми және академиялық қоғамдастықтың кең ауқымы үшін индустрияның озық тәжірибесін енгізу және дамыту бойынша ұсыныстар әзірленді. Сонымен, алғашқы секциясында Рае Квон Чунг 2007 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты (Оңтүстік Корея), 2025 жылға қарай климаттың өзгеруі мәселесін шешуге арналған ғылымның жаңа көкжиектері, Дилли Фанг директордың оқу ісі жөнін­дегі орынбасары, профессор (Ұлы­британия) білім беру, зерттеу және қоғаммен байланыс бірлестігі, Джон Койл MBA, Олимпиада ойындары­ның күміс жүлдегері, Design Thinking Academy негізін қалаушы (АҚШ) ойлау дизайны жөнінде айтса, секцияның екінші бөлігі энергетикалық ауысу дәуіріндегі білім бойынша Кан Ванли PhD, Қытай мұнай университетінің профессоры (ҚХР) Мұнай өндіруді арттырудың заманауи ресурс үнем­деуші технологиялары – Қытай мұнай университетінің тәжірибесі, Али Жем Кузу, Пири Реис университеті теңіз бағ­дарламаларының кураторы (Түркия) кемелердің энергиялық тиімділігі және адам факторын талдау негізінде шығарындыларды бақылау, мұнай танкерлерін пайдалану жайында, Мрутюнжай Паниграхи PhD, Машина жасау мектебі, Веллор технологиялық институты (Үндістан) энергетикадағы наноматериалдар және олардың білімге әсері жөнінде тоқталды. Секцияның үшінші бөлігі бизнес-білім беру және цифрлық трансформация Викас Аггарвал АССА – Еуразия және жаңа нарықтарды дамыту саясаты бөлімінің өңірлік басшысы (Ұлыбритания) Бизнестегі цифрлық трансформация, ACCA көзқарасы, Сергей Серебрянский JANSER CONSULT GMBH (Германия) басқарушы директоры, кеңседе жұмыс істемейтіндерге тиімді үздіксіз білім беру жөнінде тоқталды. Бұдан бөлек, қатысушылар, климаттың өзгеруі мен экология мә­селелерін шешу үшін ғылымның жаңа көкжиектері, жаңа нарықтар, дизайн-экожүйелер, цифрлық трансформация, деректерді өңдеудің заманауи әдістері,тұтас салаларды өзгерткен, жаңа өнімдерді ойлап тапқан және жалпы қабылданған нормаларды бұзып, үлкен жетістіктерге жеткен ерекше адамдардың тарихы, Орталық Азиядағы білім беру, жасыл энергетика жөніндегі жобаларды және төмен көміртекті дамыту шеңберінде тоқталды.

«Бүгінгі күні әлемдік экономиканы цифрландыру жедел қарқынмен үдей түсуде. Бұл бизнес-қауымдастық пен болашақ бизнес көшбасшыларын оқытып, дайындайтындар үшін өте маңызды. ҚБТУ сияқты техникалық университеттер – білім, технология және бизнестің маңызды саласы болып табылады. Бизнестің бәсекеге қабілеттілігі, техникалық білімі мен тәжірибесі бар түлектерге қатысты техникалық білім үнемі белгіленген стандарттарға қарсы тұрып, бұдан әрі дамуы керек. Бұған динамикалық -академиялық курстарға айналдырған жаңа қызықты және инновациялық оқу бағдарламаларын әзірлеу арқылы қол жеткізіледі», – деді универси­тет ректорының міндетін атқарушы Маратбек Төлепбергенұлы.

Сонымен, сала мамандары компа­ниялар мен бизнесте цифрлық транс­фор­мация нені білдіреді, бизнес­тің цифрлық трансформация қажетті­ліктерін қана­ғаттандыруда бизнестегі білім қалай өзгеруі керек, бизнес мекте­бінде бизнес-қосымшалардың қандай категорияларын (ERP, бизнес-аналитика, бизнес-процестер, жобаларды басқару, активтерді басқа­ру, техникалық қызмет көрсету және қыз­мет­тер) оқыту керек деген тақырыпта сөз қозғады.

ГҮЛМИРА МЕРАЛИНА

10022 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы