• Білім & Ғылым
  • 02 Желтоқсан, 2021

Еліміздің ертеңі – біз жастарға сенеміз

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Мен жастарға сенемін!» атты республикалық патриоттық жастар форумы өтті. Дәстүрлі түрде тоғызыншы мәрте өткізілген шара Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылды.

Ауқымды іс-шараның бас­ты мақсаты – инновация мен шығармашылықты ұштастыру арқылы жастар патриотизмін дамыту. Форумға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың басқарма төрағасы – ректоры Жансейіт Түймебаев, Ұлттық киноны қол­дау мемлекеттік орталы­ғы­ның басқарма төрағасы Есетжан Қосубаев, Алматы облысы Ақсу ауданы Қапал ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Владимир Чепел, Мәдениет саласының үздігі, ақын Бақыт Жағыпарұлы және форум жеңімпаздары мен студенттер қатысты. Шараның басында сөз сөйлеген университет ректоры Ж.Түймебаев форум қатысушыларын жеңісі­мен құттықтап, ыстық лебізін білдірді.

Республикалық форумға ағымдағы жылы 2000-ға жуық жұмыс қабылданған. Солардың ішінен іріктелген 107 қатысушы марапат кешіне жолдама алды. Биыл форумға қатысушылар эссе жазу, инновациялық жоба, көркемсөз оқу, бейнеролик дайындау, азаматтық-патриоттық бағыттағы поэзиялық шығарма жазу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоба мен сурет өнері сияқты сегіз бағыт бойынша бақ сынасты. Гала-концерт барысында әр номинация бойынша жеңіске жеткен гран-при иегерлеріне біржылдық грант сертификаты табысталды. Сонымен қатар шарада бірінші, екінші және үшінші орын ие­герлері де марапатталды.

«Мен жастарға сенемін!» республикалық форумы­ның гран-при иегерлерінің бірі – Семей мемлекеттік медицина университетінің студенті Дамир Шадибекұлы. Ол «Дәрігер – ардақты мамандық» бейнеро­лик байқауына өзінің туындысын ұсынып, жеңіске жетті.

«Жастардың еңбегін баға­лап, мүмкіндік беретін фору­мның маңыздылығы өте жоғары. Осы форумды өткізуге мұрындық болған барша ұйым­дас­ты­рушыларға алғысым шексіз. Жеңіске жеткеніме өте қуаныш­тымын», – деді Д.Шадибекұлы.

Шара соңы арнайы дайын­­далған концерттік бағдарла­мамен аяқталды.

Айжан ЖАСБАТЫРҚЫЗЫ

4726 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы