- Бизнес & Қоғам
- 02 Желтоқсан, 2021
Азаматтық қоғам құру – негізгі басымдық

Алматыда «Қоғам мен мемлекеттің тұрақты дамуы мүддесіндегі әріптестіктің 30 жылы» атты Қазақстанның 10-шы Азаматтық форумы өтті. Форум жұмысына тұңғыш рет еліміздің ЕҚЫҰ, БҰҰДБ, ЮНИСЕФ, Фридрих Эберт қоры, ЮНЕСКО, ЮСАИД сияқты халықаралық серіктестері қатысты.
Форумды ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мен Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева ашты. Министр өз сөзінде X Азаматтық форумның жұмысы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығының қорытындыларына арналған маңызды оқиға екенін атап өтті. Тәуелсіздік таңында Қазақстанның азаматтық секторы ондаған ҮЕҰ-дан басталғанын еске салған Аида Балаева, бүгінде еліміздің бұл саласы Орталық Азиядағы ең дамыған қоғамдық институтқа айналғанын айтты. Мәселен, жыл сайын қазақстандық «үшінші сектордың» қатары орта есеппен 150 жаңа қатысушыға артып келеді. «Биылғы жылдың тарихи мәні де, саяси мазмұны да біз үшін ерекше. Егеменді ел үшін де 30 жылдың мерейлі межесін табысты бағындырып отырмыз. Ол біз үшін өткенге есеп беріп, бүгінімізді таразылап, ертеңімізді бағамдайтын кезең. Ал, ел тәуелсіздігінің жетістігін азаматтық секторсыз елестету мүмкін емес. Азаматтық форум – бұл кейбіреулер дәйексіз айтатындай «ҮЕҰ өкілдерінің декларативті-хаттамалық жиыны» емес, қолданбалы идеялар мен бастамалар туындайтын, министрлер мен әкімдер азаматтық белсенділермен тең дәрежеде бірлескен іс-қимыл жоспарларын жасайтын, жекелеген әлеуметтік проблемаларды шешуге мемлекет ҮЕҰ-ларды тартатын нақты жұмыс процесі», – деді А.Балаева.
Форум қатысушыларына президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауы жолданды. Мемлекет басшысының құттықтауын Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев оқып берді. «Азаматтық қоғам құру – біз үшін негізгі басымдықтың бірі. Елбасының бастамасымен 2003 жылдан бері тұрақты өткізіліп келе жатқан форум осының айқын дәлелі. Диалогтың осы үлгісі көптеген мәселені талқылап ұсыныс әзірлейтін тиімді пікірталас алаңына айналды. Форум азаматтық бастамаларды қолдау үшін жүйелі шаралар қабылдауға септігін тигізуде. Сондай-ақ стратегиялық және заңнамалық құжаттар дайындауға ықпал етуде. Былтыр менің жарлығыммен «Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасы» бекітілді. Бұл құжат билік органдары мен қоғамдық ұйымдардың серіктестігін күшейтуді көздейді. Оған қоса тұрғындардың елдік істерге еркін араласуына мүмкіндік береді», – делінген Президенттің құттықтау хатында.
Азаматтық форумда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында бүгінгі күннің ең өзекті тақырыптары талқыланды. Форум азаматтық қоғамның 100-ден астам жетекші өкілдері қатысқан гибридті іс-шаралар арқылы 20 мыңға жуық адамды қамтыды.
Форумның пленарлық отырысында ауылдағы азаматтық бастамаларды дамыту, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, халықаралық ынтымақтастық, азаматтық қоғам, экология және инклюзия мәселелері талқыланды.
Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының кеңесшісі Мирьяна Сполярич Эггердің форум делегаттарына арналған бейне-құттықтау сөзі де маңызды болды. Халықаралық дипломат қатысушыларды құттықтап, Қазақстанның Азаматтық форумына қолдау білдірді. Ауылдағы азаматтық белсенділікті дамыту туралы «Қатонқарағай ауданының тұрақты дамуы» қоғамдық қорының директоры Серік Жүнісов айтып берді. «ЭКО Маңғыстау» басшысы Кирилл Осин өз сөзінде қоршаған ортаны қорғау мен экологияның маңызды мәселелерін көтерді. «Сана-Сезім» әйелдер бастамалары құқықтық орталығының жетекшісі Шахноз Хасанова адам құқықтарын қамтамасыз ету бойынша шараларды ілгерілету туралы өз пікірімен бөлісті. Азаматтық қоғамды дамыту қауымдастығының атқарушы директоры Жәмила Асанова халықаралық миссиялардың азаматтық бастамаларды дамытуға қосқан үлесі туралы айтып берді.
Пленарлық отырыстан кейін дәстүрлі «ҮЕҰ сыйлығы» тапсырылды. Бұл – Үкіметтік емес ұйымдарды 15 маңызды бағыт бойынша республикалық, салалық және өңірлік деңгейдегі әлеуметтік мәселелерді шешуге қосқан үлесі үшін ынталандыруға бағытталған дәстүрлі шара. Сонымен қатар, ҮЕҰ арасында «Таңдау» байқауының жеңімпаздары марапаталды. Байқаудың негізгі идеясы – Қазақстанның әлеуметтік және қоғамдық өміріне, тәуелсіздіктің орнығуы мен азаматтық қоғамның қалыптасуына үлес қосқан қазақстандық ҮЕҰ қызметінің жетістіктерін көпшілік алдында тану.
САЛТАНАТ ҚАЖЫКЕН

2482 рет
көрсетілді2
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *
Deeynptet
15 Қыркүйек, 2022gay male incest chat chat gay joven <a href="https://free-gay-sex-chat.com/">faree gay chat </a>
Gennieptet
16 Қыркүйек, 2022gay adult phone chat <a href=https://chatcongays.com>chat de gay usa</a> free rulette gay chat