• Білім & Ғылым
  • 02 Желтоқсан, 2021

Білім – таусылмас қазына, тәрбие – рухани өзек

Биыл ел Тәуелсіздігіне – 30 жыл. Осынау мерейлі жылда Тәуелсіздігіміздің қадірін білу, егемендік құндылықтарын жас ұрпақтың санасына тәлім-тәрбие арқылы сіңіру маңызды міндет болып табылады. Азат елдің еркін ойлы жастары білім мен еңбекке құлшынғанда ғана бәсекеге қабілетті саналып, көштен қалмақ емес.

Елбасы «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағи­даттар жиынтығында басқа халықтарды ғылыми ізденіспен, өнер құдыретімен мойындата алатынымызды нақты айтты. Олай болса, жас ұр­пақтың білімге деген ұмтылысы, өнерге деген көзқарасы мектеп қабырғасында қалыптасаты­ны белгілі. Бүгінгі жаңарған, жаңартылған білім мазмұны, мектептегі робототехника тәрізді пәндер оқушылардың шығармашылық ойлау машығын қалыптастырып, зейінін ашады, коммуникациялық қабілеттерін шыңдайды. Қазіргі заманның оқушылары ғаламтор дамып, әлеуметтік желілер кең тараған заманда өмір сүріп отыр. Дегенмен, ғаламтор да, әлеуметтік желі де еш уақытта ұстаз бен мектеп берген білімді, тәрбиені алмастыра алмасы анық. Мұғалім берген білім мен тәрбие оқушы жадында өмір бойы сақталып қалады. Себебі «Бала кезде алған білім, оқыған оқу тасқа қашалып жазған жазумен тең» деп дана бабаларымыз тегін айтпаған ғой. Біз ғылыми-техникалық жетістіктердің көптеген түрлерін игерген шәкірттерімізге рухани-адамгершілік тәрбие беруді де басты назарда ұстайтыны­мыз сондықтан. Өйткені бойында рухани-адамгершілік тәрбиесі кенже қалған баланың қоғамда өз орнын табуы, жақсы маман атануы оңайға түспесі анық. Ондай оқушы ертеңгі күні белгілі бір мамандық иесі атанғанымен, Абай атамыз айтқан «толық адам» тұжырымына сәйкес болмауы да мүмкін. ХХІ ғасырдың жаңа заман ұл-қыздары Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Мұхамед-Қайдар Дулати, Сүйінбай, Жамбыл, Ыбырай, Шоқан және т.б. ұлы тұлғалардың ілімдері мен ұлағатты сөздерінен нәр алып, солар сияқты көрнекті тұлға, қай­раткер, ойшыл, ғалымға айналса дейсің. Ол үшін көп оқып, көп ізденулері қажет. Бүгінгі білім беру жүйесінің мән-мағынасы да осындай құндылықтарды шәкірттердің бойына ұялатумен ұштасып келеді. Олай болса, білім – таусылмас қазына, тәрбие – зор құндылық.

Нұргүл ФАЙЗУЛЛАЕВА,

Ә.Тыныбаев атындағы

№11 мектеп-лицейінің

информатика пәні мұғалімі

Қызылорда қаласы

4771 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы