• Спорт
  • 09 Желтоқсан, 2021

БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТ КЕҢ ҚАНАТ ЖАЙДЫ

Маңғыстауда бұқаралық спортпен шұғылданатындар саны бір жылда 12,9 мыңға өскен. Бұл көрсеткіш бойынша Маңғыстау өңірі республикада алдыңғы орында келеді. 

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, орташа есеппен ал­ғанда қазақстандықтардың 31 пайызы ғана бұқаралық спортпен айналысады. Ал Маңғыстау облысында бұл көрсеткіш 36,8% құрап, был­т­ырғы жылғы деңгейге қара­ғанда 12 993 адамға өскені анықталған.  Мұндай жетістік­ке ауладағы спорт алаңдары, көше­дегі жаттығу алаңдары, бала­ларға арналған спорт мек­теп­тері, жекеменшік жаттығу зал­дарының көптеп салынуы мен спортшы тарту бағытында­ғы спорт федерацияларының жүйе­лі жұмыс жүргізуі септігін тигізген. Бүгінде облыста 104 спорт түрі қамтылған. Онда 4-17 жас аралығындағы 210 400 бала мен жасөспірім спортпен шұғылданады.

Мемлекет басшысының был­­­­тырғы жылдың күзінде Қа­зақ­стан халқына Жолдауында қалалар мен аудан орталық­тарында спорт секциясын ашу, балалар үйірмесінің қызметін және халықты бұқаралық спортпен айналысуға тарту және балаларды тегін спорт секциясымен қамту тапсырмасы бойынша биыл спорттың 56 түрінен 249 секция ашылды. 3 740 бала тегін спортпен шұғылдануда. Бүгінде облыс бойынша 822 спорт нысаны жұмыс істейді. Оның 447-і далада орналасқан алаң мен воркаут. Ал, ауылдық елді мекендерге 213 алаң салынды. Бұдан бөлек аймақта жабық ғимаратағы 33 спорт кешені бар. Оның 13 Ақтау қаласында орналасқан. Облыста 19 балалар және жасөспірімдер спорт мектебі спорттың 46 түрінен балалар мен жасөспірімдерді тегін жаттықтырады. Онда 636 жаттықтырушы 18 708 баланы шынықтырып жүр. Сонымен қатар, 6 мамандырылған балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде 5-18 жас аралы­ғын­дағы жеткіншектер 21 спорт түрімен тегін айналы­са­ды. Бұл мектептерде жоғары білім­ді 172 жат­­тық­тырушы жұмыс істейді.

АЙЖАН ЖАСБАТЫРҚЫЗЫ

107 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы