• Қаржы
  • 09 Желтоқсан, 2021

Табиғи монополистер өніміне тарифтер қалай белгіленеді?

Еліміздің сан саналы халық шаруашылығын дамытуда энергетика жетекші рөл атқарады. Электр энергиясы тауар ретінде нарықта сатып алынады және сатылады, осы ретте тұтынушылар үшін тасымалдау және пайдалану кезінде стандартты сапа сақталуы тиіс. Жалпы электр энергиясын өндірудің шекті тарифі заң бойынша 7 жылға бекітіледі. Алайда энергия өндіруші ұйымдар «Электр энергетикасы туралы» заңды алға тартып, өндіріс шығыны артып кеткен жағдайда шектік тариф көлемін қайта қарау жөнінде кезектен тыс өтініш беруге мүмкіндіктері бар көрнеді. Өткен жылы 35 жылу электр станциясы сол мүмкіндікті пайдаланып, нәтижесінде тариф көтерілген еді. Бұл туралы академик, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, техника ғылымдарының докторы, профессор Бірлесбек Алияровқа бірнеше сұрақтар қойған едік.

–Бірлесбек Қаниұлы, өзіміз тұтынатын электр энергиясына тарифтер қалай белгіленеді?

– Алдымен өндірістік нысанның пай­далануға дайындығын қамта­масыз етуге байланысты бөлігін және өнімнің қажетті көлемін өндіруге кететін шығындар есе­бінен бөлінген тарифтердің ре­пре­зентативтілігін ұлғайту нұс­қа­сы қарастырылады. Бірлескен өндірісте (когенерацияда) жылу және электр энергиясының өзіндік құнын анықтаудың, сонымен қатар олардың сенімділігін арттыру жағы қарастырылады. Тарифтер – энергия өндіруші кәсіпорынды жабдықтау мен тұтынушылар арасындағы қар­жылық қатынастарды реттеудің негізгі тетігі. Елімізде кеңінен қолданатын тарифтік есептеу жүйесі энергетикалық нысанның барлық шығындарын есепке алуға негізделгені айқындалғанымен, кейіннен оларды болжамды тұтыну көлеміне бөлу қисынсыз дер едім.Тарифтің мұндай есебімен егер болжамды көлем нақты төмендетілген болса, онда жеткізуші пайдаланбаған кірісті алады, ал бақылаушы органдар бұл кірістердің тұтынушыға қайтарылуын қадағалайды. Ке­рісінше болжамды көлем асыра бағаланған жағдайда, тұтыну­шы­ларға бұл қаражатты кері қай­тару іс жүзінде мүмкін емес.

Өнімнің қажетті көлемін өн­діруге тиісті нысанның жалпы шы­ғындары екі түрде қамтылып, оның бірі энергетика нысанының шығындарына, өндірілетін энергия көлеміне немесе жоспарланған қызметтегі шығындарға қа­тысты және жабдыққа қызмет көр­сетумен байланысты болады. Бұл нысанның «қолжетімділік құны» деп айтуға негіз бар. Аталған шығындар нысанның әсіресе қатты және сұйық қалдықтарды сақтауға арналған аумақтың қоршаған ортаның ластануына кері әсерін тигізбеу мүмкіндігін, амортизациялық аударымдарды, жөндеудің барлық түрлеріне ағымдағы, орташа әрі күрделі шығындарды, сонымен қатар  пайдаланушы мен техникалық қызмет көрсетуші мамандардың еңбек ақысын төлеуді қарастырады. Жалпы бұл жағдайда шығындар өнім немесе қызмет көлемінің құны мен өнімдерді тұтынушыға жеткізуге дейінгі ысырапшылдыққа әкелуі ықтимал. Екінші жағынан нысан шығындары өнімнің немесе қызметтің, соның ішін­де отын, су және т.б. өндіріс көлемімен анықталатын шы­ғын­дарды қамтып, оларды «ағымдағы шығындар» деп атаймыз. Шығындардың мұндай айырмашылығымен және ағым­дағы шығындарды тұтынудың болжамды көлемі жөнінде бөлуді сақтай отырып, тариф екі құрамдас бөліктен құрылады. Бұл ретте тарифтің өнім көлеміне қатысты бөлігінің құнын анықтау – шығындарды өткізудің болжамды көлеміне бөлу арқылы жүзеге асырылады. Тұтынушы өнімнің және көрсетілген қызметтің көлемін бекітілген тариф сомасына көбейтуде алынған өнім немесе қызмет құнының осы бөлігін төлейді.

– Тарифтерді анықтау кезінде басқа тәсілдер қалай қолданылады?

– Қызмет көрсетілетін нысан­дардың саны бойынша аталған шығындарды жылына, сағаттар санына бөлуді қажет етеді. Бұл ретте нақты тұтынушының өнім немесе қызметтің басқа көлемін есепке алуы оның, есеп айырысу кезеңінде тұтынған көлемінің қатынасы ретінде анықталуы керек. Орташа көлем белгілі бір өнімнің немесе қызметтің жалпы тұтынылған көлемін тұтынушылар санына тұтыну көлеміне қарамастан бөлу арқылы анықталады. Өнімдегі өзіндік құнының бұл бөлігін абонементтік төлем деп те айтуға болады. Өйткені, ол тұрақты мәнге ие және төлем шотында жеке тармақ ретінде көрсетіледі.

– Сонда абоненттік төлем мөл­шерінің сомасы тұтынушы үшін азаяды дегеніңіз бе?

–  Абоненттік төлем тұтынушы үшін төленген сомадан аз ғана өседі. Өнімді соңғы тұтынушыға жеткізу кезінде жоғалған өнім көлемін білдіретін абсолютті ысыраптар деп аталып, анықталған шығындар тарифке кірмейді. Қазіргі уақытта ысыраптар та­рифтік есептеуге салыстырмалы шығын нысанда енгізіледі, олар жоғалған көлемнің (абсолюттік ысыраптардың) болжамды тұты­ну көлеміне қатынасы ретінде айқындалады және тұтыну­дың болжамды көлеміне пайызбен көрсетіледі.

– Осы саланың кәсіби маманы ретінде электр энергиясын жеткізу желісі туралы айтып өтсеңіз?

–Жоғарыда айтып өткеніміз­дей, шығындар абсолютті ысы­раптардың құбыр желісінің беткі ауданына қатынасы өнімді құбырлар арқылы тасымалдау үшін немесе белгілі бір кернеудегі электр энергиясын жеткізу желі­сінің ұзындығы төмендетілген ысыраптар деп аталатын түрінде көрсетіледі. Шығындардың аталған түрлерінің ерекшеліктері мен репрезентативтілік дәрежесін нақтылауда жылу энергиясын құбыр желілері арқылы тасымалдау кезіндегі жылу шығында­рын қарастыруға болады. Соған сай қолданылатын материалы мен ұзындығы бірдей әртүрлі диаметрлі бірнеше құбырлардан тұратын термиялық стенд жасалады, оған бірегей температурада су құйылады және барлық құбырларда суды салқындату үшін бір уақытта тәжірибе жүргізіледі. Тәжірибе кезінде түтік диаметрінің ұлғаюымен түтіктегі температура айырмашылығының азаятынын ескерсек, онда түтік диаметрінің артуымен төмендетілген ысыраптар мөлшерінен аз мөлшерге өседі. Нәтижесінде, белгілі бір жағдайларда түтіктің диаметрі өзгерген кезде азайтылған шығын­дар өзгеріссіз қалуы мүмкін. Жүр­гізілген талдау жылу шығын­дарын азайтуды пайда­ланудың жоға­­ры репрезентатив­тілігін көр­сетеді.

Когенерациясы бар жылу электр станциясына тән тағы бір–мәселе бірлескен өндірістегі электр және жылу энергиясының өзіндік құнын анықтау. Көптеген зерттеулер өндірілген энергияның екі түрі бойынша шығындарды тарату­дың технологиялық негізделген әдістерінің жоқтығын көрсетті. Бүгінгі күні шығындарды бөлу­дің «физикалық» әдісі кеңінен қолданылып, онда когенерация кезінде пайда болған үнемдеу толығымен электр энергиясына тиесілі. Электр энергиясын өндіру процесінің физикалық мәнін бұзып, уақыт пен бу параметрлері төмен когенерациясы бар жылу электр станциялары үшін отын шығыны бу параметрлері жоғары конденсациялық ЖЭС-ке қара­ғанда аз болады. Бұл физикалық әдісті жою керек дегенді білдіреді. Осыған байланысты энергияның екі түрін де өндіруге жұмсалған ағымдағы шығындардың өзіндік құны анықталатын электр және жылу энергиясының когенерация ке­зінде бірлесіп өндірілген өзіндік құнын анықтаудың келесі әдісін қолдану қажет. Энергияның тек бір түрін – жылу немесе электр энергиясын өндіретін нысандар ағымда­ғы шығындардың деректері­не негізделген. Мысалы, жылу энер­­гиясының бірлі­гін өндіруге арналған аталған шығындар отын мен су сияқты ЖЭС отынды жа­ғатын қазандықта өндірілген кездегі олардың құнына тең. ЖЭО-да электр энер­гиясының бірлігін өндірудің құны сол отынды пайдаланатын ең дұрыс конденсацияланатын мәнге ие. Екі жағдайда да дайындық шығындары ЖЭО үшін есептелген мөлшерлеме бойынша тарифке қосылады. Бір қызығы, бұл жағдайда нысанның дайындығын қамтамасыз ету шығындарымен анықталатын тарифтің бөлігі жылу мен электр энергиясына бірдей. Оның артықшылығы болжамды өндіріс көлемін пайдалану тарифті есептеуден алып тасталады деп санаймыз. Когенерацияланатын жылу және электр энергиясын бөлек өндіретін нысандарда жылу немесе электр энергиясы тарифтің репрезентативтілігін арт­тырудың екі құрамдас бөліктен тұратын тарифті қалыптастырып, жылу мен электр энергиясы ара­сындағы шығындарды бөлісе келе, төмендетілген ысыраптар түріндегі тарифтің осы бөлігіндегі жылу ысыраптарын қоса алғанда, өнімнің белгілі бір көлемін өндіруге жұмсалады.

Осыдан біраз бұрын энергетика министрінің бірінші орынбасары Мұрат Жүребеков биылғы жылдың басынан электр энергиясын тұтыну бірден 8 пайызға дейін өскенін, ал норма бойынша 1-2 пайыз болу керектігін, бұл ретте 1000-1200 МВт электр энергиясына тоқталып,тарифтер өзгеріссіз қалатындығын айтқан еді.

Сонымен «Қазақстан-2050» стратегиясында белгіленген мақ­саттарға сәйкес, елімізде 2050 жылға қарай энергия қуатының 50%-ын энергияның баламалы және жаңғыртылған түрлерінен алу жоспарлануда.Экологиялық таза энергия өндіру – заман талабы.

Сұхбаттасқан

Гүлмира Мералина

1617 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы