• Білім & Ғылым
  • 15 Желтоқсан, 2021

Тәуелсіздігім – тірегім, мәңгілігіңді тіледім!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Тәуелсіздігім – тірегім, мәңгілігіңді тіледім!» атты тақырыпта республикалық көрме өтті. Журналистика факультетінің «Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер» кафедрасы ұйымдастырған шараға студенттер мен магистранттар қатысты.

Көрменің мақсаты – тәуелсіз еліміздің отыз жыл ішіндегі мемлекеттік, қоғамдық-саяси, мәдени-рухани маңызды оқиға­ларын, ерекше сәттерін фотосуреттер мен шығармашылық плакаттар арқылы жұртшылық назарына ұсыну, қазіргі дизайнер саласы өкілдерінің көзқарастарын жеткізу, жас ұрпақ бойында па­триоттық сезімді ояту.

Шығармашылық көрмеде тә­уелсіздік тақырыбында жазыл­ған мақалалар сараланып, жас­тар­дың кәсіби қарым-қабіле­тіне баға беріліп өтті. Еліміздің ең ірі кітапханаларының бірі саналатын әл-Фараби ғылыми кітап­ханасын­да өткен республика деңгейін­дегі көрмеге осы сала­ның беделді ғалымдары да қатысып, өздерінің ғылыми және шығар­машылық көзқарастарымен бөлісті.

Көрменің ашылу салтанатында филология ғылымдарының кандидаты, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің деканы Сансызбай Мәдиев құттықтау сөз сөйлеп, көрменің мәні мен мазмұнын айшықтап өтті.

Шараға педагогика ғылым­дарының докторы, профессор, ҚР мәдениет саласының қайрат­кері, Қазақстан дизайнерлер және суретшілер одағының мүшесі, Еуразия дизайнерлер одағының төрағасы Е.Асылханов, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, дизайнерлер одағының төрағасы Қ.Көшенов, суретшілер одағының мүшесі М.Нысанбаев, суретшілер одағының мүшесі, кітап графикасының ардагері Т.Мұқатов, Қазақстанның мә­дениет қайраткері, суретшілер одағының мүшесі, дизайнерлер одағының мүшесі, «Балалар әдебиеті» баспасының директоры Ш.Байкенова, сурет­шілер одағының мүшесі, дизайнерлер одағының мүшесі, кітап графикасының ардагері А.Садуақасов, сурет­шілер ода­ғының мүшесі, кітап графи­касының ардагері Б.Ақанаев, суретшілер одағының мүшесі, дизай­нерлер одағының мүше­сі, суретшілер одағы плакат секциясының басшысы С.Ах­та­нов, педагогика ғылымда­рының докторы, профессор, су­рет­шілер одағының мүшесі, Еу­разия дизайнерлер одағының мүшесі Қ.Жеделов, филология ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультеті «Бас­пагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер» кафедрасының меңгерушісі А.Рамазан қаты­сып, өз пікірлері мен лебіздерін білдірді, көркем туындылардың ұрпақ бойында патриотизм­ның оянуына ықпал ететінін, әрі жастарды эстетикалық, рухани байыта түсетіндігін атап өтті. Сөз алғандар студент­тер мен магистранттардың шығарма­ла­рына жақсы баға беріп, осы бағыт­тарын одан да жоғары дең­гейде жалғастыра берулеріне тілек­тес­тіктерін білдірді. Қонақтар өзара пікір алмасып, алғыстарын жет­­кізді. Шара барысында көрме­ге атса­лысқан №81 мектеп-гимназия оқушылары марапатталды, бұл болашақ суретшілер үшін ынталан­дырудың бір үлгісі іспеттес болды.

 Ел тәуелсіздігі мерекесінің қарcаңында ұйымдастырылып отырған осы көрмеде суретшілер­дің кескіндеме, графика және плакат жанрындағы әртүрлі техникамен орындалған туындылары экспозицияланды. Жалпы көрмеге плакат және кескіндеме жанрлары бойынша 50-ден аса туындылар қойылған. Заманауи өнер шеберлері өз шығармашылы­ғын­да Қазақстанның тарихын, мәдениеті мен табиғатын таныс­тырды. Одан бөлек, қоғамдағы өзекті тақырыптар, атап айтқанда, әлеуметтегі баланың рөлі, ковид, денсаулық тақырыптары да қамтылған. Суретшілердің өзі сөйлемесе де, суреттері сөйлейді, әр көрерменнің өз интерпрета­циясы, өз түйгені болады. Сон­дықтан көрмеден алған әсері де зор болғаны сөзсіз.

Бақыт бөжеева,

ҚазҰУ-дің доценті

5028 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы