• Мәдениет & Спорт
  • 15 Желтоқсан, 2021

Домбыра – қазақтың асыл қазынасы

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Желтоқсанның 35 жылдығына орай Алматыда «Қасиетті домбыра» атты республикалық байқау өтті.   Шараны Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен халықаралық «Жанашыр» қоры ұйымдастырды.

Байқаудың мақсаты – қазақ домбырасын насихаттау, қала мектептеріндегі дарынды жас домбырашыларды іріктеу және анықтау. Жас домбырашылар­дың кәсіби өсуіне, музыка саласында өзін-өзі жетілдіруге, музыкалық шеберлігін артты­руға, шығармашылық әлеуетін дамытуға жол ашу. Ұлттық мәде­ниет­тің дамуын өзектендіру. Тәуелсіздік үшін жасалынған құндылықтарды әрі қарай дамыту, оны жас ұрпақтың бойына сіңіру.

 «Қасиетті домбыра!» атты өнер байқауы дәстүрлі ән, жеке және топтық орындаудағы күй орындау аталымдары бойынша өтті. Аудандық, облыстық байқауларда жеңімпаз атанып, республикалық ақтық сынға жол­­дама алған өнерпаздардың қай қайсысы да болашағы­нан үміт күттіретін өрендер. Республикалық байқауға жолдама алған 18 дәстүрлі әншілер арасынан Ұлас Амантай бірінші орын алып, ноутбук сыйлы­ғына ие болды. Екінші орынды Нұрбек Серікболұлы планшет сыйлығын, үшінші орын алған Нұрбек Нұрбаев пен Асқар Әділхановтар смарт сағатқа ие болды.

Күй тарту аталымы бойынша жеке орындаушылар арасында әр аймақтан жеңімпаз атанған   14  өнерпаз өзара сынаққа түсіп, Шыңғыс Қантбай бірінші орын, Мәди Қыдырбеков екінші орын, Жанкелді Нұрланұлы мен Раян Кенжебекұлы үшінші орынды иеленді.

«Ең бастысы, «бұлақ көрсең көзін аш» дегендей, жастардың өнерін паш етуіне мүмкіндік жасалып, рухтарына рух қосылды. Байқау ұлтымыздың ғасырлар үнін, Ұлы даланың жоғалмас сарынын ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келе жатқан қасиетті қара домбыра үні ешқашан үзілмейтінін паш етті.

Тиегі киелі, сағасы жүйелі, шанағы шежіре, құлағы тарих, пернесі қазына, қасиетті қара домбырамыз жасай берсін деген тілекпен байқауымыз мәресіне жетті», – деді шара ұйымдастырушысы Жаңыл Әпетова.

АЙЖАН ЖАСБАТЫРҚЫЗЫ

376 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы