• Мәдениет & Спорт
  • 24 Желтоқсан, 2021

ҚАРАТАУ

Қаратау – Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстік-батысында орналасқан тау жотасы. Ол алыстан қарайып көрінетіндіктен Қаратау деп аталған.
Қаратау негізінен Жамбыл облысының аумағында орналасқан. Тек солтүстік-батыс бөлігі Түркістан облысы аумағында. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 420 км-ге созылып жатыр, енді жері 60 – 80 км (оңтүстік-шығысындағы Боралдай жотасы). Ең биік жері – Бессаз тауы (2175 м). Жота қатарласа жатқан Кіші Қаратау және оңтүстік-батыс Қаратау жоталарынан тұрады. Бұларды бір-бірінен тауаралық ойыстар бөліп жатыр.
Қаратаудың шығысы мен Кіші Қаратау протерозойлық тақтатас пен құмтастардан, оңтүстік-батыс Қаратау карбонның әктас, құмтас, конгломераттары мен девонның жанартау текті жыныстарынан түзілген. Қаратау қойнауында еліміздегі ірі полиметалл (Ащысай, Мырғалымсай, Байжансай, т.б.), фосфорит (Ақсай, Жаңатас) кендері шоғырланған. Біздің редакция ұсынып отырған суретте Қаратау жотасының Жамбыл облысындағы Берікқара шатқалындағы көрінісі суреттеледі.

Суретті түсірген Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ

534 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы