• Үкімет: келелі міндеттер көшінде
  • 24 Желтоқсан, 2021

Энергетика жүйесін жаңғырту қажет

Үкіметте денсаулық сақтау ұйымының ағымдағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жөніндегі мәліметі тыңдалды. Сонымен қатар тағы бір өзекті мәселе – энергетика саласын дамыту жайы қозғалды. Жауапты органдар талқыланған мәселелер бойынша тиісті тапсырмалар алды.

Денсаулық сақтау ми­нистрінің міндетін атқарушы Ж.Бүркітбаевтың айтуынша, әлемде КВИ-дің 275 млн астам жағдайы тіркелген, тәулігіне 500 мыңнан астам жағдай тіркелуде. 5,3 млн-нан астам адам қайтыс болды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірінде соңғы екі аптада 54 елдің 15-інде сырқаттанудың өсуі байқалады. Қазақстанда соңғы екі аптада сырқаттану 31%-ға төмендеді. Әлемдік рейтингте еліміз коронавирус инфекциясына қарсы екі дозамен вакциналау бойынша 208 елдің ішінде 103-орында, оның ішінде Достастық елдері арасында Қазақстан екінші орында тұр, халық санының 44,5% вакцинамен қамтылған. Республикада ПТР тесттің оң нәтижесімен коронавирус инфекциясының 984 мың жағдайы және ПТР-дің теріс нәтижесімен 83 мың жағдай тіркелген, науқастардың 96%-дан астамы емделіп шықты. 18 852 науқас емделіп жатыр. Жалпы Қазақстанда соңғы төрт айда сырқаттану деңгейі 16 есе төмендеді. Репродуктивті саны – 0,90 және тамыз айымен салыстырғанда 1,2 есе төмендегені байқалады. Инфекциялық және реанимациялық төсектердің қамтылуы 19%, соңғы үш айда емдеуді жалғастырушылар саны 4,5 есеге азайды. Халықты КВИ-ге қарсы вакциналау жалғасуда. Бірінші компонентпен 8,9 млн астам адам егіліп, егілуге тиісті халықтың 80%-ға жуығы қамтылды. Екінші компонентпен 8,4 млн астам адам егілді, егілуге тиісті халықтың 75%-ға жуығы қамтылды. Қазір Comirnaty (Pfizer) вакцинасының бірінші компонентімен 235 117 адам егілді, оның ішінде 187 315 жасөспірім және 47 786 жүкті және бала емізетін әйел бар. Екінші компонентпен 66 017 адам егілді. Вакцинация жалғасуда және де елімізде 303 мың азамат ревакцинациядан өтті. Қазір елде коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың болжамына сәйкес желтоқсан айында тәулігіне орта есеппен 560 жағдай тіркелуде. Тұтастай алғанда, оптимистік сценарий орындалып жатыр.

Қазақстанның энергетика саласын дамыту шаралары туралы энергетика министрі М.Мырзаға­лиев, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы А.Сәтқалиев, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А.Көлгінов, Жамбыл облысының әкімі Б.Сапарбаев, Қарағанды облысының әкімі Ж.Қасымбек баяндама жасады.

Энергетика министрі М.Мырзағалиев баяндаған­дай, еліміздің отын-энергетика кешенінің 2021 жылдың қоры­тындысы бойынша мұнай өндіру көлемі 85,7 млн тонна, мұнай экспорты 67,6 млн тонна деңгейінде күтілуде. Жоспарға сәйкес елімізде мұнай өндіру ұлғаятын болады. Мақсатты көрсеткішке қол жеткізу бірқатар жобалар есебінен қамтамасыз етілмек. Атап айтқанда, Теңіз кен орнындағы келешек кеңейту жобасының арқасында мұнай өндіру жылына 12 млн тоннаға артады. Қарашығанақ кен орнындағы өндіру деңгейін ұзарту жобасының арқасында мұнай өндіру жылына 11-12 млн тонна деңгейінде сақталатын болады. Қашаған кен орнында газ өңдеу зауыттары салынбақ. Бұл жылына 3 млрд метр куб тауарлық газ өндіруге және мұнай өндіруді 16 млн тоннадан 20 млн тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.  Каспий теңізіндегі Хазар және Қаламқас-теңіз кен орындарын игеру жобасы бойынша жұмыстар басталды. Бұл кен орындарында 2028 жылдан бастап жылына 4 млн тонна мұнай өндіріледі деп жоспарланған. 2021 жылдың қорытындысы бойынша мұнай өңдеу көлемі 17,1 млн тонна, мұнай өнімдерін өндіру 13,1 млн тонна деңгейінде күтілуде. «Қа­зақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» ұлттық жобасы аясында энергетика және мұнай-газ химиясы салаларын дамытуға үлкен мән берілген. Бұл экономиканы жаңғыртудың маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша мұнай-газ химиясы өнімдерін өндіру көлемі 190 мың тоннаны құрайды. Қазіргі уақытта салада жалпы сомасы $11 млрд астам полипропилен, полиэтилен және бутадиен өндіруге қатысты ірі жобалар іске асырылуда. Осы жылдың қорытындысы бойынша мұнай өнімдерінің негізгі түрлерінен бензин өндірісі 4,7 млн тонна, дизель отыны – 4,8 млн тонна, мазут – 2,4 млн тонна, битум – 933 мың тонна және авиакеросин – 600 мың тонна дең­гейін­де болады деп жоспарланған.  Биыл тамыздан қазанға дейін жанар-жағармай нарығында дизель отынының тапшылығы қалыптасты. Ішкі нарықты дизель отынымен қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылданып, жағдай тұрақталды. Қысқа мерзімді және орта мерзімді перспективада өндірісті одан әрі ұлғайту үшін бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Келер жылы Шымкент зауытында мұнайды қайта өндіру көлемін 800 мың тоннаға ұлғайту жоспарлануда. Павлодар мұнай өңдеу зауытында 2025 жылға дейін гидротазарту қондырғысын реконструкциялау жобасы іске асырылатын болады. Бұл өнімділікті 6 млн тоннаға дейін арттыруға және бұрын-соңды өндірілмеген қысқы дизель отынын жылына 160 мың тонна көлемінде өндіруге мүмкіндік береді. Ақтау битум зауытында битум өндіру блогын жаңғырту өндіріс қуатын жылына 400 мың тоннадан 450 мың тоннаға дейін ұлғайтуға жол ашады. Сондай-ақ жеке инвесторлар Түркістан облысында мұнай өңдеу зауыттарын салу бойынша жобаларды іске асыруда. Оларды 2023 жылы аяқтау жоспарланып отыр. Атап айтсақ:  «Standart Рetroleum & Со» компаниясымен қуаты 2 млн тонна мұнай өңдеу жобасы жүргізіліп жатыр.  «Стандарт Ресурсиз» компаниясы көмірден синтетикалық мұнай шығару және одан әрі мұнай өнімдерін алу арқылы қуаты 100 мың тонна болатын жобаны жүзеге асыруда. Газ саласында осы жылдың қорытындысы бойынша шикі газ өндіру 54 млрд текше метр, тауарлық газ өндіру – 29,4 млрд текше метр, экспорт – 7,7 млрд текше метр деңгейінде күтілуде. Орталық Өріктау, Батыс Прорва, Придорожное, Анабай, Рожковское, Аңсаған, Токарев тобы – 7 жаңа кен орнын игеру, сондай-ақ Қашаған мен Жаңаөзенде газ өңдеу зауыттарын салу есебінен тауарлық газ өндірісі 2030 жылға қарай 42,2 млрд метр кубқа дейін ұлғаятын болады. Соңғы 5 жылда елді ме­кендерді газдандыруға бөлінген қаражат көлемі 5,4 есеге ұлғайды. Бұл елді газдандыру деңгейін 8% арттыруға мүмкіндік берді. 2021 жылы Энергетика министрлігінің бюджеттік бағдарламасы бойынша жергілікті атқарушы органдар­ға республикалық бюджеттен 146 жобаны іске асыруға 51,3 млрд теңге мөлшерінде қаражат бөлінді. Бөлінген қаражатқа ағымдағы жылы 46 жобаны аяқтап, нәтижесінде 1,8 мың км газ желілерін салу жоспарлануда.  Бұл елді газдандыру деңгейін 55 пайызға  жеткізуге мүмкіндік береді. Осылайша 10 388 мың адам газға қол жеткізетін болады. Бүгінгі таңда еліміздің солтүстік және шығыс өңірлері газсыз қалып отыр. Сондықтан бұл өңірлерді газдандырудың нақты нұсқалары қарастырылуда. Бұдан бөлек, 2021 жылдың қорытындысы бойынша республикада жаңартылған энергия көздерінен алынатын электр энергиясының үлесі 3,3% деңгейінде күтілуде. Ағымдағы жылы жалпы қуаты 392 МВт болатын 19 нысан іске қосылды. Қазірде жұмыс істеп тұрған жаңартылатын энергия көздері объектілерінің саны – 134, ал олардың жалпы белгіленген қуаты 2 мың МВт-тан асты.

Премьер-министр осы жылдың соңына дейін Отын-энергетика кешенін дамытудың 2030 жылға дейінгі өзектендірілген тұжырымдамасын қабылдауды, 2022 жылғы 1 сәуірге дейін еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерін газдандыру мәселелері бойынша кешенді шешім әзірлеуді тапсырды. Үкімет басшысы жаңа электр станцияларын жаңғырту мен салуды қаржыландыру тетіктерін әзірлеуді, мұнай-газ химиясы саласындағы жобаларды іске асыруды қамтамасыз етуді және жасыл энергетиканы дамыту жөніндегі жұмысты жан­дандыруды тапсырды. «Қазақ­стан­ның энергетика жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жедел жаңғырту және отын-энергетикалық кешеннің жаңа қуаттарын салу қажет», – деді А.Мамин.

Бетті дайындаған –

Ботагөз ӘБДІРЕЙҚЫЗЫ

901 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы