• Өндірістік әлеует
  • 24 Желтоқсан, 2021

Өрлеу үрдісіне оң ықпал

Қарашығанақ кен орнында 4-ші газды қайта қысымдайтын компрессорды іске қосу рәсімі өтті. Жалпы құны 500 млн доллардан асатын іргелі жобаның аяқталуы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орайластырылып отыр.  

 

Шараға Батыс-Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев, Karachaganak PetroleumOperating BV басшылығы мен жоба серіктестері – ENI, Royal Dutch Shell, Chevron, ЛУКОЙЛ, ҚазМұнайГаз компаниялары және Самұрық-Қазына қорының өкілдері қатысты. «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Қарашығанақ кеніші республикамыздың экономикалық тұрақты дамуы үшін стратегиялық маңызға ие екенін тілге тиек етті.

– Жоба іске қосылғалы мұнай мен газ саудасынан салықтар мен әлеуметтік тө­лемдер ретінде еліміздің бюд­жетіне 39,4 млрд доллар түсті. Кен орны жұмысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық өрлеуіне оң ықпалын тигізді. Жаңа жұмыс орындары құрылып, жаңа технологиялар енді, инфрақұрылым дамыды, – деді Алмасадам Сәтқалиев.

4-ші компрессор жобасын жүзеге асыру газды қайта қысымдап, жер астына жіберу көлемін арттыруға, соның есебінен мұнай өндіру көлемін сақтап қалуға септігін тигізеді. Сөйтіп, 2038 жылға дейін мұнай өндіру көлемі 7 млн тоннаға дейін жетуі мүмкін.

Қарашығанақ газ конденсаты кен орны әлемдегі ең ірілердің бірі саналады. Оның балансындағы қор – 9 млрд баррель конденсат пен 48 триллион текше фут газ. Жалпы бағаланған қоры 2,4 миллиард баррель конденсат пен 16 триллион текше метр газ.

923 рет

көрсетілді

2

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы