• Спорт
  • 13 Қаңтар, 2022

Жаңа спорт кешені пайдалануға берілді

Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданы Төрткөл ауылдық округінде «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында заманауи спорт кешені ашылды.

Ауыл тұрғындары мен жас­тарын бұқаралық спортқа бау­литын дене шынықтыру және сауық­­тыру кешеніндегі жат­тығу­шы­лар бокс­тан Қазақ­стан чемпионаты­ның күміс жүлде­гері Аралбек Қосымбайдың бокс қолғабына қолтаңбасын қойып, спорттағы қадамына сәтті­лік тіледі.
Аталған нысанның құрылыс жұмыстарын мердігер «Қаратау ЛТД» ЖШС жүргізген. Өткен жылдың көктем мезгілінде бас­тал­ған жұмыс таяуда ғана аяқ­талып, елдің игілігіне беріліп отыр. Қазіргі таңда 2,3 гектар аумаққа орналасқан спорт кешенінің сыртында ворк­аутпен, футбол, шағын футбол, баскетбол және волейболға арналған алаңдар бар. Сондай-ақ спорт кешенінде еркін күрес, грек-рим күресі, самбо, дзюдо, бокс бойынша күнделікті жаттығулар өт­кізілетін зал, қол добы, үстел теннисі, баскетбол, волейбол сынды командалық ойындармен айналысуға жағ­дай жасалынған.
Сонымен қатар Түркістан облысына қарасты Сарыағаш ауданы, Қабланбек ауылдық округі, Жонарық елді мекенінде спорт алаңшасы пайдалануға берілді. Ауыл тұрғындарына үлкен қуаныш сыйлаған спорт алаңшасының ашылу салтанатына Сарыағаш ауданының әкімі Мұхит Отаршиев арнайы қатысты. Спорт алаңшасының салтанатты ашылуында аудандық мәслихаттың хатшысы Смайл Тасқұлов пен ауыл ақсақалы Асқар Дасақаев жиналған көпшілікті құттықтады.
Айта кетсек, Жонарық елді мекеніндегі спорт алаңы құры­лысына жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, мердігер – «Сулеймен-2030» ЖШС құрылысты жүргізген. Алаңшада 40х20 метрге жасанды газон төселген. Түн­гі уақытта да қызмет көрсету үшін жарықтандыру жұмыстары жүргізілген.

Айжан ЖАСБАТЫРҚЫЗЫ 

383 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы