- Мәдениет & Спорт
- 13 Қаңтар, 2022
МӘНШҮК МӘМЕТ МҰЗДАҒЫ

Теңіз деңгейінен шамамен 3550 метр биіктікте жатқан №6 көлдің көрінісі көз тартады. Шымбұлақтан 9,5 шақырым, ал Мыңжылқы бөгетінен 600 метр қашықтықта орналасқан морена көлінде бүгінде 180 мың текше метрлік су бар. Жылдың әр мезгілінде және күнделікті ауа-райына байланысты сарғыштан көгілдір-жасыл түске дейін үнемі өзгеріп отыратын бұл судың қайнар көзі – Мәншүк Мәмет мұздағы деп аталады.
Жалпы, Алматының аумағы қырық көлден тұратын болса, оның 17-сі жіті бақылауға алынған. Олардың арасында аталған көл де бар. Өкінішке орай климаттың өзгеруімен Іле Алатау мұздақтарының бәрі жаппай еріп жатыр. Мамандардың айтуынша 2050 жылға қарай осынау тау қырқасындағы 1700 мұздақтың түгеліне қауіп төнгелі тұр екен.

347 рет
көрсетілді0
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *