• Бизнес & Қоғам
  • 13 Қаңтар, 2022

Ел өңірлерінде еріктілер жұмысы үйлесімді

Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтанда еріктілердің бірыңғай үйлестіру орталығы мұқтаж қазақстандықтарға көмек көрсету үшін ақпараттық және ұйымдастырушылық қолдау жұмысын жалғастыруда. Қазір республиканың кейбір облыс­тарында волонтерлердің күшімен қалалардың әкімшілік ғимараттарын күзетуде полиция қызметкерлеріне көмек көрсетілуде, күштік құрылымдарының қызметкерлерін тамақтандыруды қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

Ақмола облысында еріктілер блок-бекеттерде тұрған тәртіп сақшыларына ыстық сусын­дар жеткізуді ұйымдастыр­ды. Республикалық үйлестіру орта­лығының облыс бойынша волонтерлер жетекшісі Дастан Ермековтың айтуынша, ерік­тілер азаматтардың  Қазақ­станда және шетелде тұратын туыстары арасында байла­ныс орнату жұмыстарына да қосылды.

«Еріктілер Грузия, АҚШ, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Үндістан, БАӘ, Беларусь, Қытайдан келген ондаған адамға біздің елде тұратын туыстарымен байланысуға көмектесті. Балаларға «Бауырмен байланыс» телеграм-чаты арқылы өтініш­тер қалдырылады, ал олар өз кезегінде бүкіл республика бойынша қоңырау шалады. Сонымен қатар, облыс еріктілері полиция қызметкерлерімен бірге кезекшілікке шығады, көшелерді күзетеді, қажет бол­ған жағдайда блокпосттар­ға шығады және тәртіп сақ­шы­ларына ыстық сусындар жеткізеді», – деді ол.

Ал алматылық еріктілердің блокпостқа шығуға мүмкіндігі жоқ. Сондықтан жергілікті еріктілер қазір зардап шеккен азаматтарға көмектесуге дайын адамдардың тізімін қалыптастыру мәселелерімен айналысуда. Алматыдағы волонтерлер үйлестірушісі Нұрсұлтан Бекқайыровтың айтуынша, еріктілер мұқтаж жандарға азық-түлік себетін дайындайды. «Қазір біз тек тізімдерді қалыптастырып, көмекке мұқтаж алматылықтар туралы ақпарат жинап жатырмыз. Бүгінгі таңда қаланың 500-ге жуық еріктісі тәртіпсіздік салдарын жою үшін қолдан келгенше көмек көрсетуге дайын. Бұдан басқа, біз беруші­лермен хабарласып жатырмыз демеушілердің. Олардың көмегінің арқасында қазір азық-түлік себеттерін дайындап жатырмыз. Терроризмге қарсы операция аяқталғаннан кейін біз тарату жөніндегі іс – шараларға кірісеміз», – деді ол.

Шымкент қаласының үй­лес­­тірушісі Жұлдызхан Бал­табаеваның айтуынша, ер адамдар 5 күн бойы сағат 18:00-ден 00:00-ге дейін полицейлер мен әскери қызметкерлер­дің еріп жүруімен қаланың 10 нүктесінде жұмыс істеген, оның ішінде қалалық әкімдік ғимараты, сау­да орталықтары бар. Толыққанды жұмыс іс­теу үшін жергілікті еріктілер төтенше жағдай режимінің аяқта­луын күтуде.

Естеріңізге сала кетейік, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық бас­тамаларды қолдау орталы­ғы, Birgemiz еріктілердің рес­пуб­ли­калық фронт-кеңсесі және Ұлттық Еріктілер желісі ерік­тілердің республикалық үйлестіру орталығын құр­ды. Волотерлердің үйлестіру орталығына тәулігіне қа­зақ­стандықтардан 2000-ға жуық қоңырау келіп түседі. Өтініштердің негізгі үлесі Алматы қаласының тұрғын­дарына тиесілі. Адамдар тамақ, дәрі-дәрмекке мұқтаж, туыс­тарының қауіпсіздігі үшін алаң­дайды.

Республиканың әрбір облысында үйлестірушілер жұ­мыс істейді, олар жергілікті деңгейде волонтерлерді хабардар етеді, оларға комендатурамен және әкімдіктермен байланыс жасауға көмектеседі.

Тәртіпсіздік салдарын жою­ға көмек көрсету бойынша барлық іс-шаралар терроризмге қарсы операция аяқталғаннан кейін басталады.

Айта кету керек, кез келген көмек алу үшін ел азамат­тары 1414 бірыңғай колл-ор­талығына жүгіне алады. Еріктілердің көмегіне жүгінген тұрғындардың қоңыраулары еріктілердің Республикалық үйлестіру орталығына жібе­рілетін болады.

НҰРЛАН ҚҰМАР

1805 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы