• Спорт
  • 13 Қаңтар, 2022

Әлемді бағындырған Бибісара

Еліміздің шахматшы қызы Бибісара Асаубаева блицтен өткен әлем чемпионатында алтын жүлдеге ие болды.

Әлемдік чемпионатта Бибісара турнир басталысымен қарсыластарынан оза шығып, аяқталуға бір ойын қалғанда жеңіске жетті. Қазақстандық шахматшы 17 ойыннан құралған кезеңде 14 ұпай жинады. Екінші орынды ресейлік Александра Костенюк алса, Ресейдің тағы бір өкілі Валентина Гунина үшін­ші орынды иеленді. Ал рапид жарысында жерлесіміз екінші орынды еншіледі. Ол жылдам ойнау стилінде 8,5 ұпай жинады. Осылайша, Польша астанасы Варшавада өткен рапид пен блицтен әлем чемпионатында 17 жастағы Бибісара Асаубаева блицтен алтын медальға, ал ра­пид­тен күміс медальға ие болды.

Рапид және блицтен әлем чемпионаты – спорт жан­күйер­лерінің көпшілігі үшін шахмат күнтізбесіндегі айтулы оқиға­лардың бірі. Ауқымды шараға 50 елден 200-ге жуық спортшы – әлем жеңімпаздары мен вице-чемпиондары, қазіргі ел чемпиондары және әлемдік жоғары рейтингтегі шахматшылар қатысты.

САЛТАНАТ ҚАЖЫКЕН

342 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы