• Аймақ тынысы
  • 13 Қаңтар, 2022

Ауыл шаруашылығын дамыту – маңызды міндет

Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев Ескелді ауданына барып, өңірдің жағдайымен етене танысты. Агроөнеркәсіптік және әлеуметтік нысандарда болып, аудан активімен кездесті.

Облыс басшысы алдымен «Дүйсенбинов А.К.» және «Витязь» шаруа қожалықтарында болды. Шаруашылық иелері қожалықты дамыту жоспарлары жайлы баяндады. Облыс әкімі бордақылау алаңын, тауарлы сүт фермасын, өндіріс цехтарын аралап көріп, жұмыстарын оң бағалады.

Алдабергенов ауылындағы балабақшаның жай-күйін қарап, ғимаратқа ағымдағы жөндеу жасау үшін жобалық-сметалық құжаттарын дайындауды тапсырды. Сол сияқты Қарабұлақтағы Ш. Уәлиханов атындағы орта мектеп-гимназиясына да күрделі жөндеу жүргізілетін болады.

Өңір басшысы Қарабұлақ ауылында «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде салынып жатқан 60 пәтерлік көп қабатты тұрғын үй құрылысының алаңына атбасын тіреп, инженерлік инфрақұрылым құрылысын жеделдетуді қатаң тапсырды. Бұрынғы қант зауыты аумағында орналасқан мәдениет үйі ғимаратына күрделі жөндеу қажет, облыс әкімі ол үшін алдымен сараптама жасату керектігін айтты.

Келесі кезекте тоқтаған ны­сандардың бірі – Сырымбет ауылындағы табиғи бал өнімдерін шығаратын «Teк Taу» ЖШС. Серіктестік өнімдерін негізінен Сауд Арабиясына, ҚХР-ға экспорттайды. Алдағы уақытта оқу базасын ашуды жоспарлап отыр. Бұл бастамаларға қолдау білдірілді.

Сапар соңында аудан ак­тивімен өткізген кездесуінде облыс әкімі Қанат Бозымбаев өңірде қант қызылшасының түсімі, жеміс-жидек пен майлы дақылдар көлемі біршама төмендегенін, суармалы егістіктің су үнемдеу технологияларымен қамтылу көрсеткіші аз екенін сынға алды. Мал жайылымы жетіспеушілігі мәселесі де өңірде маңызды. Аудан мектептерін жоғары жылдамдықты интернет байланысымен қамту, жолдарды жөндеу, сол сияқты вакцинациялау тақырыптары да талқыланды. «Шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған жаңа инвестициялық жобалар керек. Ескелді ауданының туристік әлеуеті зор. Сондықтан осы мәселені туристік салада жүрген кәсіпкерлермен бірлесіп, зерттеу­ді тапсырамын», – деді Қанат Бозымбаев.

САЛТАНАТ ҚАЖЫКЕН

105 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы