• Қаржы
  • 14 Қаңтар, 2022

Сұранысқа ие өнім бағасы қандай?

Елімізде халық көп тұтынатын, аса жоғары сұранысқа ие ет өнімі соңғы бір жылда 8 пайызға, оның ішінде жылқы етінің бағасы 10%-ға, қой еті 15 пайызға қымбаттаған деп хабарлайды energyprom.kz сайты.  

 

Неғұрлым көбірек пайдаланатын еттеріміз бен құс етінің бағалары, 2020 жылдың қаңтар-қараша айларымен салыстырғанда, толық емес 2021 жылда 8,4%-ға өскен. Бұдан бір жыл бұрын, осындай кезбен салыстырғанда, бағалар 13,2%-ға өскен.

Еліміздің аймақ­тары арасында айтарлықтай баға өсімі Маңғыстау облысында (13,8%-ға), Шымкент қаласында (11,2%-ға) және Түркістан облысында (10,7%-ға) тіркелген. Одан кейін Қызылорда (5,1%-ға),Солтүстік Қазақстан (5,5%-ға) және Қостанай (6,1%-ға) облыстары тұр (1-инфографика).

Екінші жыл қатарынан бәрі­нен де қойдың еті басымырақ: 2020 жыл­дың қаңтар-қараша айларының аралығында 15,1%-ға қым­бат­таған.

Сонан кейінгі орында жылқы еті, оның бағасы 11 айдың қоры­тындысы бойынша бір жылда 10%-ға өскен. Сиыр еті бір жылда 8,1%-ға қымбаттаса, доңыздыкі – 7,8%-ға, құс еті – 6,6%-ға қымбаттаған (2-инфографика).

Қазақстанда орта есеппен өткен жылдың желтоқсан айында жыл­қы етінің бір килосы 2597 теңгеге бағаланған.

Содан соң қой еті мен (килосына 2417 теңге) сиыр еті (бір килосы 2233 теңге) орналасқан. Доңыз еті 1837 теңге тұрса, ал тауық еті – 1065 тең­геге саудаланған (3-инфографика).

Мал мен құс етінің бағалары жылдан жылға арта түсуде. Бұл ретте өткен жылдың қаңтар-қараша айларының қорытындысы бойынша аталған сектордағы қорлар­дың 13,8%-ы немесе өнімнің 151,7 мың тоннасы ғана импорттың үлесіне тиесілі екен. Осы кезеңде импорт көлемі 9,1%-ға қысқарған, ал өндіріс 7,4%-ға, яғни, 944,3 мың тоннаға дейін өскен.

Сонымен, мал мен құс етінің экспорттау 29 мың тоннаны құрап, 2020 жылдың қаңтар-қазанымен салыстырғанда 45,9%-ға артық екендігін көрсетті.

Ішкі нарықта 2021 жылдың 10 айында 1,1 миллион тонна мал мен құс еті, 2019 жылдың аталған кезеңімен салыстырғанда – 3,9%-ға артық сатылған, деп түйіндейді нарық жағдайына баға берген Energyprom порталы кезекті шолуында (Кесте).

ИСАТАЙ ҚАМБАРОВ

1703 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы