• Бизнес & Қоғам
  • 21 Қаңтар, 2022

Үкіметтік емес ұйымдарға 50-ден астам грант бөлінбек

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысына сәйкес, үкіметтік емес ұйымдар үшін 53 тақырып бойынша 2022  жылға мемлекеттік гранттар ұсыну жөнінде конкурс жариялады.

Мемлекеттік гранттық жобалар адам, балалар құқықта­рын қорғау, гендерлік  теңдікті дамыту, білім беру, денсаулық сақтау, қоршаған орта және ұлттық бірлікті ілгерілету сияқ­ты қоғамның әлеуметтік, мә­дени салаларының 12 бағы­тын қамтиды. Қазіргі уақыт­та Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы үкіметтік емес ұйымдардан өтініштер қа­был­дап жатыр. Құжаттарды қабылдау биылғы жылдың басынан келесі айдың ортасына дейін жалғасады. «Өткен жылдардағыдай біз шағын гранттар, әдістемелік, талдамалық, ұйымдастырушылық көмек сияқты құралдар арқылы ҮЕҰ-ға, азаматтық бастамаларға жан-жақты және көпбейінді қолдау көрсетуге бағытталған жұмысты жалғастыратын боламыз. Орталық, ең бастысы, мемлекеттік және мемлекеттік емес қаражатпен жұмыс істей отырып, гранттарды іске асы­рудың ашықтығы мен есеп­тілі­гіне басты назар аудары­латын болады», – деп мәлімдеді Аза­­маттық бастамаларды қолдау орталығы басқармасының төр­айымы Лима Диас.

Мемлекеттік гранттарды ұсыну конкурсына қауқарсыз деп танылған (банкрот), мүлкі қамауға алынып, қаржылық әре­кеті тоқтатылған, тарау үде­рісінде тұрған ҮЕҰ-дан өзге, гранттарды алу үшін өтінім жасаған, ҮЕҰ-ның мәліметтер базасында тиісті деректері бар және конкурсқа қатысу үшін бекітілген талаптарға сәйкес өтінім ұсынған үкіметтік емес ұйымдар қатыса алады.

Айжан ЖАСБАТЫРҚЫЗЫ

1846 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы